Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістанда жасөспірімдер жасаған құқықбұзушылық едәуір төмендеген
    Айғақ MEDIA

    Түркістанда жасөспірімдер жасаған құқықбұзушылық едәуір төмендеген

    Айғақ медиаАйғақ медиа23.01.2020320 Views

    Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Түркістан облысында 2019 жылы балалар арасындағы суицид 32%, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс 22,7%, кәмелетке толмағандармен жасалған құқық бұзушылық 16%, оларға қатысты жасалған қылмыс 4,8 пайызға төмендеді. Ауқымды жұмыстардың оң нәтижесі жайлы республикалық қоғамдық белсенділер мен прокуратура және ішкі істер органдары Түркістан облысында алғаш рет өткен «Қауіпсіз балалық шақ» ашық форумында атап өтті, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Бала өмірі, тәрбиесі мен әл-ауқаты мәселелері өңірде бастау алған алғашқы ашық форумның негізгі әңгіме өзегіне айналды. Облыстық прокуратура ұйымдастырған шараға аймақ әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыстық жергілікті атқарушы органдарының басшылары, қала және аудан әкімдері, құқық қорғау және бақылау органдарының басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысты.

    Форумда облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров кәмелетке толмағандардың проблемалық мәселелерін барлық мүдделі органдар және қоғам өкілдерімен ашық диалог форматында талқылаудың өзектілігі мен қажеттігін атап өтті. Ішкі істер органдарында есепке алынған балаларды тәрбиелеп, психологиялық қөмек көрсету мәселесіне ден қойылған. Осы орайда облыс әкімдігінің қолдауымен бастау алған «Бес терек» жобасы жүзеге асуда. Бес түрлі маманның біріккен зерделеу жұмыстары жақсы нәтиже беріп отыр. Жаңа жоба басқа облыстар да қызығушылық танытуда.

    Форум барысында білім ұяларында күзетті күшейту, балаларды жан-жақты дамытуға бағытталған үйірмелерді көптеп ашу туралы айтылды. Сондай-ақ, форумға арнайы қатысқан республикалық қоғам белсендісі Рафаэль  Гасанов балалар үйінің түлектеріне арналған қолдау көрсету орталығын ашу туралы ұсынысын айтты. Ол өткен жылы Өмірзақ Естайұлының бастауымен өткен жиын барысында көтерілген өзекті мәселелердің оң шешімін тапқанын тілге тиек етіп, алғысын білдірді.

    Өмірзақ Естайұлы көтерілген ұсыныстарды қолдап, қоғам тарапынан ұсынылған барлық ой-пікірлерді талқылауға дайын екенін жеткізді.  

    «Атқарылған жұмыстар арқасында үлкен жетістікке қол жеткізіп отырмыз. Үгіт-насихат жұмыстарына үкіметтік емес ұйымдарды тартып, қосымша білім беру желісін ұлғайту қажет. Бұл балаларды келеңсіз ойлар мен әрекеттерден арашалайды. Мектептерде Жол жүру Ережесін кеңінен түсіндіру керек. Сынып жетекшілері мен  балалардың өзара сенімін арттыруға назар аударып, мектеп және колледждердегі педагог-психологтардың біліктілігін арттыру және жайсыз отбасылармен жұмыс жүргізуді жетілдіру қажет», – деді форумды түйіндеген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

    Аймақ басшысы аудан, қала әкімдеріне, салалық басқарма басшыларына прокуратура және басқа да уәкілетті органдар баяндамаларында айтылған сын-ескерпелерді ретке келтіруді тапсырды. Форумға қатысқан еріктілер аталған жұмыстарға белсенді араласатын болды.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.