• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Тамыз 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Д.Назарбаева: Сенаторлар азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін арттыру жөніндегі заңдармен жұмыс істейтін болады

23.01.2020
0

Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы болды.

Сенат Төрағасы кіріспе сөзінде депутаттар жыл басында аймақтарға барғанын және жергілікті жерлердегі жұмыстың жағдайымен, заңдар мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асу барысымен, жергілікті атқарушы органдардың қызметімен танысқанын атап өтті. «Бұл сапарлардың нәтижелері депутаттық сауалдардың негізі болады әрі парламенттік тыңдауларда, үкімет сағаттарында және басқа да кездесулерде талқыланады және комитеттердің ұсыныстары мен жұмыс жоспарларына енгізіледі», — деді Д.Назарбаева.

Сенат Төрағасы Палата комитеттеріне заң шығару жұмыстарын заң жобаларын әзірлеушілермен үйлестіруді тапсырды. Үкімет 2020 жылға арналған жоспарды бекіткен болатын, оған аса маңызды мәселелерді шешуге және Тұңғыш Президент – Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға арналған 17 заң жобасы енгізілді.

Сенат Төрағасы Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясындағы палатаның негізгі міндеттеріне жеке тоқталды.

Дариға Назарбаева сенаторларға заңдарды қабылдау кезінде азаматтар құқықтарын қорғау кепілдіктерін арттыру, арандату іс-әрекеттеріне құқық қорғау органдары немесе арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейту, заңнамадағы барлық қайшылықтарды азаматтар мен бизнестің пайдасына түсіндіруді қамтамасыз ету, оларға мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынаста тең жағдайлар жасау, биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.

Парламент жоғарғы Палатасының басшысы «Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің жағдайы», «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту», «Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту» тақырыптарына арналған парламенттік тыңдаулар өткізу қажеттігін атап өтті.

Жоғарғы палата Төрағасы отырыс барысында Сенат жанынан құрылған кеңестердің жұмысы туралы әңгімеледі. Д.Назарбаева парламенттік тыңдауларға дайындық барысында ауыл шаруашылығы саласының көптеген өкілдерімен кездесулер болғанын айтты. «Олар көтерген мәселелер кеңінен талқылауды талап етеді. Сенат жанынан Агроөнеркәсіп кешені жөнінде кеңес құру қажеттігі туындады», — деді Палата басшысы. Жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарау мақсатында желтоқсан айынан бастап Парламент Сенатының жанында Жастар кеңесі жұмысын бастады, деді Д.Назарбаева.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров сөз сөйледі. Ол сенаторлардың ел аймақтарындағы, оның ішінде шалғай ауылдардағы 460 кездесуінің қорытындысы туралы айтты. Төраға орынбасары азаматтардың аймақтарда айтқан ескертулерімен және қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарымен әріптестерін таныстырды. «Халықпен кездесу барысында бірыңғай жиынтық төлем төлеу, атаулы әлеуметтік көмек алу шарттары, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің бюджетін қалыптастыру (4-ші деңгей) және «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасы аясында тірек ретіндегі ауылдық елді мекендерді анықтау мәселелері бойынша заңнаманы жетілдірілудегі кемшіліктер туралы сын ескертулер айтылды», — деді ол.

Отырыс барысында «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң қабылданды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.