Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Күлтөбе қалашығы ЮНЕСКО-ның қызығушылығын туғызуда
    Айғақ MEDIA

    Күлтөбе қалашығы ЮНЕСКО-ның қызығушылығын туғызуда

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.01.2020469 Views

    Түркістан қаласында Дүниежүзілік мұра саласындағы халықаралық сарапшылар қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мен таныстырудың негізгі мәселелері талқыланды. Күлтөбе қалашығының жекелеген нысандарын консервациялаумен және ішінара қалпына келтірумен ғылыми-зерттеуге ерекше көңіл бөлініп, ғалымдар бұл нысандардың болашақта археологиялық парктің өзегі болатынына сенім білдірді.

    Жобаның ғылыми жетекшісі Андрей Хазбулатов сарапшылар назарына бірінші далалық маусымның нәтижелерін және «Күлтөбе қалашығы» жобасы бойынша болашақ жоспарларын ұсынды. Халықаралық сарапшылар қауымдастығы Күлтөбе қалашығының археологиялық объектілерін әлеуетті ғылыми тұрғыда қайта құру үшін жобаның зерттеу тобының мүшесі, белгілі сәулетші, Өзбекстанның реставрациялау ғылыми-жобалау институтының ғылыми қызметкері Владимир Артемьев ұсынған жұмыс жобаларын талқылады.

    Ғылыми қызметкердің пікірінше, Күлтөбе қалашығы тек Қазақстан үшін ғана маңызды емес. Мұнда екі мыңжылдықтағы тарих пен мәдени сабақтастықтығының болғанын көруге болады. Күлтөбе қалашығы ежелгі Яссы қаласының бір бөлігі болғандықтан, ЮНЕСКО сарапшылары консервацияға және ішінара қалпына келтіруге ұшырайтын нысандардың тұсаукесерін талқылауға ерекше назар аударды. Айтуларынша, олардың ішінде бірнеше әртүрлі кезең нысандарының эскиздері – қолөнершілердің тұрғын үйлері, жер иеленушілер, ежелгі сауда көшелері, шеберханалар, ішкі аулалар және XII-XIX ғғ.бекініс қабырғаларының элементтері бар.

    Күлтөбе қалашығының ғылыми жұмыстарының нәтижелері мен археологиялық меңгерудің болашақ жоспарлары халықаралық сарапшылардың оң бағасына ие болды. Қазіргі заманғы сандық технологиялар арқылы ежелгі замандарда болашақ археологиялық парктің келушілеріне батуға мүмкіндік беретін, толықтырылған шындықты одан әрі цифрлы визуализациялау үшін әртүрлі кезеңдегі ғылыми қайта жаңартуларды жобалау бойынша жұмысты жалғастыруды ұсынды.

    Алдағы уақытта бұл талқылаудың нәтижелері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра ескерткішіне әсерін бағалау туралы жалпы сараптамалық есепке енеді деп жоспарлануда.

    Айта кетейік, «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы археологиялық мұражай-паркін құру аясында бұл нысанды Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың бірі – Eurasian Resources Group-тің (ERG) қаржылай қолдауымен зерттеуде. Бұдан бұрын Күлтөбе қалашығындағы ғылыми ізденістердің аралық нәтижелері Бакудегі Дүниежүзілік мұра комитетінің отырыстарында, Парижде және Түркістандағы ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде талқыланған болатын.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.