Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Бүгін Шымкент жұртшылығы қаламгер Еркінбек Тұрысовпен қоштасты
    Айғақ MEDIA

    Бүгін Шымкент жұртшылығы қаламгер Еркінбек Тұрысовпен қоштасты

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.01.20201 055 Views

    Бүгін Шымкент жұртшылығы қабырғалы қаламгер Еркінбек Тұрысовты ақтық сапарға шығарып салды.

    Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен қаралы митингке жиналғандардың қарасы қалың болды. Олардың арасында жазушының қаламдас достары мен зиялы қауым өкілдері жəне Е. Тұрысов дүниеге келген Бəйдібек ауданынан да бірқатар есімі елге белгілі азаматтар бар. Ал мұнда тебірене сөз сөйлеген зиялылар «Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгер туралы естеліктермен бөлісті. Себебі Е. Тұрысов әдебиетке өзінің бойына біткен дарынын өлшеусіз арнаған, сөз дейтін өнерді бүкіл өнер атаулының ішінде ең қасиеттісі санаған, кіндігін Бəйдібек өңірі кескен қазақтың аяулы, ардақты перзенттерінің бірі болатын.
    Өлең дейтін өрісі кең бөлек дүниеде, әдебиет дейтін ырысы мол әлемде өзінің адам баласында сирек болатын кеңдігімен, тереңдігімен, алғырлығымен ел жадында қалды.

    Еркінбек Тұрысов — 1927 жылы 12 қазанда қазіргі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген. Шымкент педагогика институтының түлегі. Жастық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келіп 14 жасынан бастап еңбекке ерте араласты. Қатардағы колхозшы, ауылдық кеңестің хатшысы, он жылдай (1946–1955) облыстық ішкі істер басқармасында саяси қызметтер атқарды. «Оңтүстік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, меншікті тілші, кейінгі он жылда (1968–1978) аудандық «Алғабас» газетінің редакторы болды. 1978 жылдан шығармашылық еңбекпен айналысты. Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы. 1991 жылдан өзі негізін салған «Бәйдібек-Сыланды» қоғамдық қорының төрағасы болды.
    Жазушының «Келіншектау», «Ақбақай», «Қыран тауы», «Құралай жолы», «Түндер сазы» атты кітаптары жарық көрген. Ал «Темірлан» романы, «Бәйдібек», «Қош, көгілдір керуен», «Қайран Сәкен», «Кемеңгерлердің керуені», «Нұржаудың нұрлы түндері», «Алыста қалған», «Досовтың соңғы күндері» атты эссе, хикаяттардың авторы.
    Бірнеше рет мемлекеттік наградалармен, екі мәрте (1977, 1987) Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілген (1998). Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.