Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістанда жаңа мектеп ашылды
    Айғақ TV

    Түркістанда жаңа мектеп ашылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа31.12.2019Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан қаласындағы Отырар мөлтек ауданында Ахмет Байтұрсынов атындағы №1-ші жалпы орта мектеп пайдалануға берілді. Жаңа білім нысанының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты. Жаңа жыл қарсаңында есігін айқара ашқан білім ұясы  900 орынға лайықталған. Жиналған жұртты білім мекемесінің ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы, жаңа мектептің ішін аралап көрді. Заман талабына сай салынған ғимаратта пәндік кабинеттер, мәжіліс пен спорт залдары, асхана, медициналық бөлме бар.

    Барлығы қажетті құрал — жабдықтармен толық қамтылған. Құрылысы 2018 жылы басталған үш қабатты білім ұясы көгілдір отынмен жылытылады. Толығымен орталықтандырылған су және кәріз жүйелерімен қамтамасыз етілген. Заманауи мектептің жалпы аумағы 12 мың шаршы метр. Жалпы, Түркістан облысында 905 (оның – 6 жекеменшік) жалпы орта мектеп жұмыс істейді, онда 481 мыңнан астам оқушы білім алуда. Өскелең ұрпақты 60 мыңға жуық мұғалім білім нәрімен машықтап, дәріс беруде. Олардың 18 пайызы жас мамандар. Ал, дарынды балаларға арналған 12 мектеп-интернат қызмет атқаруда.

    Аталған мекемелерде 3000 астам оқушы білім алады. Арыс, Бәйдібек, Келес, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Созақ аудандарында дарынды балаларға арналған мектептер қарастырылмаған. Осыған байланысты, бұл аудандардан дарынды балаларға арналған мектептерді 2020 жылы ашып, жалпы көлемі 2000 оқушыны қамту жоспарлануда. Сондай -ақ, облыс орталығынан Абай Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған гуманитарлық бағыттағы мектепті ашу жоспарланған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.