Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістанда күрделі жөндеуден өткен саябақ пайдалануға берілді
    Айғақ TV

    Түркістанда күрделі жөндеуден өткен саябақ пайдалануға берілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа31.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан қаласында күрделі жөндеуден кейін толықтай жаңа кейіпке енген «Жеңіс саябағы» пайдалануға берілді. Жаңа демалыс орнының салтанатты ашылуына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

     «Тегі бір, тарихы ортақ түркі елдерінің түп қазығы киелі шаһарымыз — Түркістан шаһары күн санап көркейіп келеді. Жаңа жыл қарсаңында ел игіліне берілген жаңа саябақ аз ғана уақыттың ішінде жаңа кейіпке еніп, тас жолдар төселіп, айналасы абаттандырылды. Сәні мен сәулеті келіскен нысан енді халық серуендейтін сүйікті мекенге айналары сөзсіз. Баршаңызға қуанышты бөлісуге келгендеріңіз үшін алғыс айтамын. Келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Келер жыл да халқымызға құт-береке, бейбітшілік, жанұяларыңызға шаттық әкелсін! Ынтымақ пен бірлік аясында еліміздің одан әрі дамуы жолында біркісідей еңбек етейік», — деді облыс әкімі. Біраз жылдар қаңырап бос тұрған үлкен аумақ, аз ғана уақыттың ішінде адам танымастай жаңаша кейіпке енді.

    Күрделі жөндеуден өткен «Жеңіс саябағында» көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 3000 шарты метрге гранитті төсегіштер төселді. 2500 ағаш отырғызылып, айнала толық түрлі – түсті шамдармен жарықтандырылған. Шахматтық дизайнда құрғақ фонтан салынып, тас жолдар төселіп, жастарға арналған заманауи скейт — парк пен футбол алаңы іске қосылды. «Жаңа жыл-жарқын бастама» атты ерекше думанды кешке ұласқан мерекелік кеште еліміздің танымал әншілері Қайрат Нұртас, Қайрат Түнтеков, Сара Амангелді мен «Сарын», Alem Band топтары өнер көрсетті.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.