Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары 2019 жылдың соңғы сессиясында бас қосты. Кезекті 45 -ші сессияда өткен жылға қорытынды жасалып, бюджет нақтыланды. Бір жылда атқарылған жұмыстар сараланып, қаржының игерілу бағыттары баяндалды.
Айта кетейік, биыл өңірдің қазынасы едәуір ұлғайып, бірқатар әлеуметтік мәселелер шешімін тапты. Өз алдына облыс атанған Түркістан өркендеу жолына түсті. Даму жолында қарқынды жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, өңірдің даму бағытына алдағы үш жылға Республикалық трансферттен тағы 300 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінбек. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталады.
Сондай-ақ, Түркістан облысының басты драйвері саналатын ауыл шаруашылығы саласына да ,құрылыс саласына да баса мән беріледі. Жылдың қорытынды отырысында депутаттар алдағы жоспарларды да талқылап, 2019 жылдың қорытынды шешімін бір ауыздан мақұлдап берді