Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Прокуратура: Консультативтік кеңесте әлеуметтік қызметтердің тиімділігі талқыланды
    Айғақ TV

    Прокуратура: Консультативтік кеңесте әлеуметтік қызметтердің тиімділігі талқыланды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа27.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласының прокуратурасында Консультативтік Кеңестің отырысы өтті, онда мүгедектерге және қиын өмірлік жағдайда қалған тұлғаларға көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиімділігі мен осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуы және алимент өндіру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

    Аталған сұрақтардың маңыздылығы Мемлекет басшысының халыққа «құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай, қаламызда тіркелген 36 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азамат құқықтарының сақталуы және кәмелет жасына толмаған балалардың құқықтарының сақталуымен байланысты.

                Қала прокуратурасы тексеру нәтижесімен мемлекеттік уәкілетті органдарға енгізген прокурорлық қадағалау актілері негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларға диагностика жасайтын «Асыл Мирас» атты аутизм орталығы ашылды, балаларды үйден оқытқаны үшін мұғалімдерге 62,3 млн. теңге үстемақы төленді.

    Сонымен қатар, бүгінгі таңда басты проблемалық мәселе ол, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тасымалдау екені анықталып, прокуратура «Инватакси» қызметінің көрсетілуіне талдау жұмыстарын жүргізді.

    Нәтижесінде аталған қызметке а.ж. 71,4 млн. теңге мемлекет қаржысы қарастырылғанымен, ол өтініш берген 559 мүгедек азаматтардың жартысын ғана тасымалдауға жеткілікті екенін көрсетіп отыр.

             Сондықтан, Кеңес мүшелері бұл мәселенің өзекті тақырып екенін ескерере отырып, әкімдікке жолданған прокурорлық ұсынудың нәтижесін халықпен бөлісуді ұсынды.

    Кеңес отырысы алимент өндіру туралы атқару құжаттарының орындалу жағдайымен жалғасты. Статистикалық мәліметтерге сай 2019 жылы алимент өндіру туралы 12 370 атқарушылық өндірістері қозғалған.

    Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде жалпы 124 млн. теңге алимент қарыз берешегі өндірілді. Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің саны 2018 жылмен салыстырғанда 44%-ға төмендетілген.

    Дегенмен, сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамауына байланысты 125 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    Кеңес төрайымы Роза Пак, прокуратураның бастамасы негізінде алимент өндіру туралы жұмыс орны жоқ борышкерлерге арнап «Жұмыс жәрмеңкесі» тұрақты ұйымдастырылып отырғанын сөзге тиек етіп, бүгінгі таңда жұмыс орны жоқ алимент берешегі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру 92%-ға артқанын атады.

    Мәжіліс қорытындысымен, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары және кеңес мүшелерінің жаңа мүшелері сайланды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.