Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлем»Тараз: «Әуендер әлемі» алаңы ашылды
    Әлем

    Тараз: «Әуендер әлемі» алаңы ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.12.2019952 Views

    Жамбыл  облысының   80  жылдығына  орай «Әуендер әлемі» алаңының салтанатты   ашылу   рәсімі өтті. Нысан Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінің маңында орналасқан. Аумағы 700 шаршы метрден асады. Бұған дейін қараусыз жатқан алаң маңындағы аллея қайта жаңғыртылып,  қалпына келтірілуде.

    Айта кетейік, еліміздің  атын  әлемге  танытып  жүрген музыка өнері  қайраткерлерінің шығармашылығын насихаттап,  өнегелі   өмір   жолын  бүгінгі   ұрпаққа  үлгі ету  мақсатында   ашылған  алаңның ортасына өнер иелерінің  құрметіне арналған стелла қойылған. Оның биіктігі – 6,5 метр. Стеланың айналасына отыз тұғыр тас орнатылған. Оларға қойылған алпыс жұлдыз белгісіне еліміздің  мәдениетіне үлкен үлес қосқан тұлғалар мен өнер жұлдыздарының есімдері  жазылған.​   Стелланың тұғырына Ж.Жабаев, Б.Шолақ, Ы.Дүкенұлы, К.Әзірбаевтың өнер туралы қанатты сөздері қашалып жазылған. 

    Нысанның ашылу салтанатында Қазақстанның және Қырғызстанның Халық әртісі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынбек Қоразбаев сөз сөйлеп, кейінгі жылдардағы өңірдегі өркенді істер туралы айта келе, руханият пен мәдениет бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ ол ашылғалы отырған нысанның облыстан шыққан өнер адамдарына деген шексіз құрметтік белгісі екендігін марқая жеткізді. Шара барысында аймақ басшысы Асқар Мырзахметов  «Әуендер әлемі» алаңына есімдері  жазылған өнерпаздарға сертификаттар табыстап, өнер мен өмірде сәттілік тіледі.

    ​Жамбыл өңірі еліміздің өнер әлемінде қанатын кеңге жайған жайсаңдардан кенде емес.  Олар тек облысқа ғана емес, барша еліміздің мақтанышына да айналуда. Қазақ ән-күй өнеріндегі тұлғалар Балуан Шолақ, Ықылас Дүкенұлы. Кенен Азербаев, Илья Жақанов, Алтынбек Қоразбаев, Мэлс Өзбеков және тағы басқаларды айрықша атап айтуға болады. Бүгінде осы тұлғалардың ізің жалғап келе жатқан таланттар аз емес. Бұл алаң солардың өнеріне деген құрмет белгісі десек қателеспейміз.

    «Айғақ» ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    АҚЫННЫҢ АЛҚАЛЫ КЕШІ

    26.11.2026

    ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН 40 ЖЫЛ

    26.11.2026

    КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР — ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.