Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Асқар Тоқпановтың ескерткіші ашылды
    Әлеумет

    Асқар Тоқпановтың ескерткіші ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.12.2019991 Views

    Жамбыл облысының 80 жылдығы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағдарламалық мақалаларды жүзеге асыру аясында Жамбыл облыстық қазақ драма театрына ұлттық кәсіби режиссураның негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер, көрнекті ұстаз, профессор, Қазақстанның халық артисі Асқар Тоқпановтың есімінің берілуіне орай — осы үлкен тұлғаға арналған ескерткіштің тұсау кесер салтанаты өтті. 

    Іс-шараның негізгі мақсаты мен міндеті — мәдениет пен өнерді дамытуға ат салысу және қолдау жасау. Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры алдына ұлттық кәсіби режиссураның негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер, «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендері мен көптеген медальдардың иегері, Қазақстанның халық әртісі Асқар Тоқпановқа арналып бой көтерген ескерткіштің ашылу салтанатына Республиканың түкпір-түкпірінен арнайы қонақтар келді. Сондай-ақ, А. Тоқпановтың өз кіндігінен тараған ұрпақтары да қатысты. 

    Ескерткіштің шымылдығын КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов және Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов ашып, мерейтой қарсаңында керемет тілегін жеткізді. 

    Жаңадан бой көтерген ескерткішке Есмұхан Обаев пен Гүлжан Әспетова секілді өнер қайраткерлері гүл шоқтарын қойды.  Одан әрі, жиналған қонақтар театрдың үлкен залына еніп, Тоқпановтың өмірі, өнер жолы жайында жазылған «Тоқпанов тұлғасы» атты кітаптың лентасын қию рәсіміне қатысты.  

    «»

    «Айғақ» ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    АҚЫННЫҢ АЛҚАЛЫ КЕШІ

    26.11.2026

    ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН 40 ЖЫЛ

    26.11.2026

    КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР — ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.