Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан облысында бас шыршаның шамы жағылды
    Айғақ TV

    Түркістан облысында бас шыршаның шамы жағылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.12.2019Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қала әкімі Рашид Аюпов шаһардағы бас шыршаның шамын жақты. Қала орталығындағы «Гүлдер» саябағында бой көтерген еліміз бойынша ең биік жаңажылдық шыршаға түркістандықтар мен қала қонақтары жиналды.

            «Жаңа жыл – біздер, жастар, бүлдіршіндер асыға күтетін отбасылық мейрам. Сондықтан, біз балалар жақсы көретін мерекеде шыршаны орнаттық. Өздеріңізге белгілі, Елбасы Жарлығымен қабылданған шешім аясында Түркістан түлеп жатыр. Келер жылы шаһарымызға Орталық Азия елдерінің басшыларын шақырып, Түркістанды әлемге паш етпекпіз. Мұның бәрі сіздер, болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан дүние. Ендеше, жаңа жыл баршамызға жақсылық әкелсін! Әрбір бастаған жұмыстарымыз табысты аяқталып, ынтымағымыз нығая берсін!», – деген лебізін білдірген Өмірзақ Естайұлы жиналған балаларға 700-ден астам сыйлық таратты.

    Мерекелік шарада Аяз ата мен ақшақарлар мерекелік шеру ұйымдастырып, ертегілер әлемінің әртүрлі кейіпкерлері балалармен ән шырқап, би биледі. 20 метрлік алып шыршада 2000-дай ойыншықтар мен жарықшамдар орнатылған. Биыл жаңажылдық шырша шаһардағы «Гүлдер» алаңы мен «Жеңіс» саябағына орнатылған. Жаңа жыл символы осыдан 3 жыл бұрын мемлекеттік сатып алу тәсілімен алынған.

     

    Түркістан қаласындағы негізгі мерекелік  іс-шаралар 29 желтоқсан күні «Жеңіс» саябағында өтпек. Күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілген жаңа бақта ерекше форматтағы мерекелік концерт жоспарланып отыр. Салтанатты шара әсерлі отшашумен аяқталады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.