Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан облысы полицейлері газ құю бекеттерін тонаған қылмыстық топты ұстады
    Айғақ TV

    Түркістан облысы полицейлері газ құю бекеттерін тонаған қылмыстық топты ұстады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Келес АПБ-не ауданға қарасты ауылдың бірінде орналасқан газ құю бекетінде жұмыс жасайтын жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз  арызында тас жол бойындағы газ құю бекетінде таңғы 04:00-дер шамасында жұмыста отырған кезінде белгісіз азаматтар келіп, газ құйып беруге  шығуын өтінген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша ол шыққан сәтте, әлгі жігіттердің бірі басынан белгісіз затпен ұрып, құлатады. Келесі біреуі кассадағы ақшаны беруді талап етеді. Алайда кассада ақша жоқтығын көрген күдіктілер, жәбірленушінің қалтасындағы құны 70 000 теңге тұратын ұялы телефонын тартып алып, келген көліктеріне мініп, Жетісай ауданы бағытына кетіп қалғанын көрсетеді.

     

        Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша тіркелді.

           

        Оқиға орнына жылдам жеткен полицейлер қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Алдын ала тергеу барысында жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе тікелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл жасалғаны анықталды . Полицейлер қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды.  Келес АПБ-нің тәжірибелі қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, бейнебақылау камерасына түсіп қалған күдіктілердің көлігін анықтап,  осы іске қатысты 4 күдіктіні Шымкент қаласынан ұстады. Күдіктілер Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Олардан жәбірленушінің ұялы телефоны айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды.

     

            Тергеу барысында күдіктілердің бұл газ құю бекетінен бұрын, жарты сағат алдын 30 шақырым қашықтықта орналасқан жанар-жағар май бекетінен жанармай толтырып құйдырып алып,  ақшасын төлемей кеткені белгілі болды. Одан бөлек Шымкент қаласындағы осындай қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

             Түркістан облысы полицейлері азаматтарға, оның ішінде кәсіпкерлерге өз ғимараттарыңызға дабылқаққыш орнатып, жарықтандырып, есіктерін мықтылап, терезелеріне темір тор орнатуға, бақылау камераларын қоюға кеңес береді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.