Жаңа жыл әлемдегі ең көп тойланатын мейрам. Бұл күні барлығының жүздеріне күлкі үйіріліп, бақыттың құшағында жүреді. Осындай бақытты күні №7 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бүлдіршіндеріне мерекелік шырша ұйымдастырылды.
Игі шараға «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудандық «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Б.Омарбеков, облыстық мәслихат депутаты Д.Әбіш қолдау білдіріп, ауданымыздың қайырымды азаматы Батырбек Бексұлтан демеушілік жасады.
Қуанышты күні аудан әкімі сөз алып, балаларға мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалып, қажеттіліктермен қамтамасыз етуге, дұрыс білім беруге тиісті жұмыстардың атқарылып жатқанын, сондай-ақ, азаматтарымыз қолдарынан келгенше әрбір балапанға қамқорлық көрсетіп келетінін айтты. Келген қонақтар да балаларды жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтарды тарту етті.
Сәні мен салтанаты жарасқан мереке барысында Аяз ата мен Ақшақар кештің көркін қыздырды. Өз кезегінде бүлдіршендер де мың бұрала би билеп, әсем әндер шырқады.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі