90 жылдық тарихы бар Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті мен ұзын саны 95 мамандықта шәкірт дайындайтын М.Әуезов атындағы ОҚМУ арасында меморандум түзілді. Мақсат еліміздегі ауыл шаруашылығы саласын дамытып экономикамызды өркендету. Статистикалық мәліметке сүйенсек жыл сайын елімізде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көбі әлемнің 70 мемлекетіне экспорталатын көрінеді. Ал дәл осындай еселі еңбектің арқасында еліміз бидай өсіруден дүние жүзіндегі үздік ондықтың қатарына енсе ұн шығарудан бестікте тұр. Тұңғыш Президент Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші Өнер кәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған жолдауында Агрокәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арнаған мемлекеттік бағдарламасын нақтылаған болатын. Әрине, агрокәсіп саласын өркендету үшін әуелі кадрлар қажеттігі туныдайтыны анық. Осының негізінде Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетеніңі ректоры М.Әуезов атындағы ОҚМУ дың оқытушыларымен кездесті.
Кездесу барысында, Қазақ Ұлттық Аграрлық университетеніңі ректоры Тілектос Есполовқа М.Әуезов атындағы ОҚМУдың құрметті профессоры атағы табысталды. Бұл тұста бүгінге дейін қаншама шәкірттің арманына қанат бітіріген қос оқу ордасы арасында меморандум түзілді. Ендігі жерде ауыл шаруашылық кадрларын бірлесіп даярлау ісі қолға алынбақ.