Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Өмірзақ Шөкеев: Түркістанда жүріп жатқан құрылыс қарқынын күшейту керек
    Айғақ TV

    Өмірзақ Шөкеев: Түркістанда жүріп жатқан құрылыс қарқынын күшейту керек

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен аппараттық мәжілісте осындай міндет қойды. Күн тәртібінде әуежайдың және онда баратын автомобиль жолының құрылысы мен көлік инфрақұрылымының жоспары, Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік және мәдени-рухани орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың орналасуы мен жағдайы және шаһардағы инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары, жалпы салынып жатқан нысандар, су арналары туралы соңғы мәліметтер талқыланды. Түркістаннан 16 шақырым қашықтықта орналасқан Түркістан халықаралық әуежайы халықаралық стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салынып жатыр. Түрік компаниясы қолға алған Түркістан халықаралық әуежай құрылысы 2020 жылы аяқталады, деп күтілуде. Іргетасы қаланған жаңа нысанда 100-ден астам адам тынымсыз еңбек етуде. Туризм әлеуетін арттыру үшін облыста арнайы бағдарлама әзірленіп, әуежайдан екі күнде бір рет Меккеге тікелей ұшақ қатынайтын болады.  

    Құрылыс қазаны қайнаған Түркістан шаһарындағы әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан басқармалар мен департаменттер ғимараттары мен Конгресс-холл, Стадион, Оқушылар сарайы, аттракциондар саябағы секілді әлеуметтік маңыздағы нысандар қала құрылысының басым бағытына айналған. Сонымен қатар халықтың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында өңірді абаттандыру нысандарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

     

    «Құрылыс қарқынын күшейту керек. Ешқандай кедергілер мен себеп- сылтауларға жол жоқ. Ағаштарды отырғызу мен баптау мәселесі қатаң қадағалауда болсын. Тұрғын үй құрылысының сапасын жіті бақылап, тезірек пайдалануға беру керек. Қала орталығын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары баяу жүріп жатыр. Керек болса әр сектор қажетті техника мен қосымша жұмыс күшін тартсын»,  – деді облыс әкімі мәжіліс барысында.

     

    Жиналыста «Арыс – Түркістан» каналын қалпына келтіру мен жаңа су арнасын салу жұмыстары талқыланды. Бұл жобаларды іске асыру суаруға арналған судың тапшылығы мәселесін толық шешіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің жыл сайынғы көлемін арттырады. Аймақ басшысы Түркістан қаласының маңында «жасыл белдеу» құру, ирригациялық жүйені дамыту, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, жаңбырлатып суару әдісін дамыту мен азық-түлік белдеуін қалыптастыру жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар берді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.