• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Өмірзақ Шөкеев: Түркістанда жүріп жатқан құрылыс қарқынын күшейту керек

24.12.2019
0

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен аппараттық мәжілісте осындай міндет қойды. Күн тәртібінде әуежайдың және онда баратын автомобиль жолының құрылысы мен көлік инфрақұрылымының жоспары, Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік және мәдени-рухани орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың орналасуы мен жағдайы және шаһардағы инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары, жалпы салынып жатқан нысандар, су арналары туралы соңғы мәліметтер талқыланды. Түркістаннан 16 шақырым қашықтықта орналасқан Түркістан халықаралық әуежайы халықаралық стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салынып жатыр. Түрік компаниясы қолға алған Түркістан халықаралық әуежай құрылысы 2020 жылы аяқталады, деп күтілуде. Іргетасы қаланған жаңа нысанда 100-ден астам адам тынымсыз еңбек етуде. Туризм әлеуетін арттыру үшін облыста арнайы бағдарлама әзірленіп, әуежайдан екі күнде бір рет Меккеге тікелей ұшақ қатынайтын болады.  

Құрылыс қазаны қайнаған Түркістан шаһарындағы әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан басқармалар мен департаменттер ғимараттары мен Конгресс-холл, Стадион, Оқушылар сарайы, аттракциондар саябағы секілді әлеуметтік маңыздағы нысандар қала құрылысының басым бағытына айналған. Сонымен қатар халықтың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында өңірді абаттандыру нысандарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

 

«Құрылыс қарқынын күшейту керек. Ешқандай кедергілер мен себеп- сылтауларға жол жоқ. Ағаштарды отырғызу мен баптау мәселесі қатаң қадағалауда болсын. Тұрғын үй құрылысының сапасын жіті бақылап, тезірек пайдалануға беру керек. Қала орталығын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары баяу жүріп жатыр. Керек болса әр сектор қажетті техника мен қосымша жұмыс күшін тартсын»,  – деді облыс әкімі мәжіліс барысында.

 

Жиналыста «Арыс – Түркістан» каналын қалпына келтіру мен жаңа су арнасын салу жұмыстары талқыланды. Бұл жобаларды іске асыру суаруға арналған судың тапшылығы мәселесін толық шешіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің жыл сайынғы көлемін арттырады. Аймақ басшысы Түркістан қаласының маңында «жасыл белдеу» құру, ирригациялық жүйені дамыту, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, жаңбырлатып суару әдісін дамыту мен азық-түлік белдеуін қалыптастыру жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар берді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚОРҒАНЫС КУРСЫ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Шымкентте нәзік жандылардың қауіпсіздігін арттыруға арналған «ӘЙЕЛ.ҚҰҚЫҚ.ҚОРҒАНЫС» атты семинар-тренинг өтті. Мұнда қатысушылар өзін физикалық қауіптен қорғаудың қарапайым тәсілдерін меңгеріп, дағдарыс...

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ АШЫҚ АЛАҢ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тағылымды іс-шара Шымкент қаласында өтті. «Адал азамат» тақырыбында ұйымдастырылған ашық алаңға еліміздің жетекші тарихшы, әлеуметтанушы,...

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

ШОМЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН 13 ОРЫН

Айғақ медиа
02.09.2025
0

  Шымкентте шомылуға тыйым салынған 13 орын бар. Сәуір айынан бері қала аумағында 155 рейд жүргізіліп, тұрғындарға ескерту жасалды. Қауіпсіздік...

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАБЫЛҒАНЫНА — 34 ЖЫЛ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Қазақстан – ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан тұңғыш мемлекет ретінде әлем тарихында айрықша орын алды. 1991 жылғы 29 тамызда...

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — ЖҮРЕКТЕ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Шымкент қаласындағы «Жұлдызай» балаларды оңалту орталығы тағы да ерекше қуанышқа бөленді. Мұнда дәстүрге айналған «Мектепке жол» атты мерекелік қайырымдылық шарасы...

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

САУДА БАЗАРЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ТАЛАП

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Шымкент қаласындағы базарларды жаңғырту жұмыстары қарқын алып келеді. Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері күннің екінші жартысында қаладағы ірі сауда орындарының...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.