Түркістан облысында алғаш рет иық буындарына имплонтациялау отасы жасалды. Тәжірибе алмасып, шеберлік көрсетуге Ресейден арнайы жоғары білікті дәрігерлер келіп қатысты. Мамандардың айтуынша, өте күрделі ота Қазақстанда осыған дейін санаулы рет қана жасалған.
Күрделі ота кемінде 2 сағаттан аса уақытқа созылды. Ал, операцияның сәтті аяқталуына дәрігерлер қолдан келгенді аяп қалмады. Емделуші есін жиған соң да, оған жоғары деңгейдегі күтім жасалатын болады. Себебі, адам денсаулығы ең басты орында.