Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Шымкентте америкалық Ramada желісінің қонақ үй кешені ашылды
    Айғақ TV

    Шымкентте америкалық Ramada желісінің қонақ үй кешені ашылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанда қонақ үй индустриясын дамыту бойынша бүгін еліміздің Тәуелсіздік күніне орай үшінші мегаполисте  әлемге әйгілі америкалық Ramada желісінің қонақ үй кешені ашылды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
    Төрт жұлдызды  халықаралық премиум-классты қонақ үйдің ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала басшысы инвесторларды және құрылысқа қатысқан барлық азаматтарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, әкім қонақ үйдің шаһарымызда бой көтеруі қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция екенін атап өтті.
    «Бүгінгі таңда қонақ жайлық индустриясы экономикамыздың дамуының әлеуетті және болашағы зор салалардың бірі болып танылып отыр.  Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді. Бүгінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамыту бойынша көптеген қолдаулар көрсетілуде. Кәсіпкерге осы істі дамыту үшін «Даму» қорынан қаржылай көмек берілгенін де айтқым келеді» деді Ерлан Қуанышұлы.

    2200 жылдық тарихы бар көне шаһарға 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының өтуіне орай туристер көптеп келетінін айтқан қала басшысы туристік инфрақұрылымды барынша жақсартуды атап өтті.

    Яғни, әкім шетелдік қонақтарды жоғары деңгейде күтіп алу үшін өңірдегі әуежай және темір жол желілерінде сапалы қызметтер көрсетілуін, бұл тұрғыда қонақ үйлердің де деңгейі жоғары болуы үлкен мәнге ие екенін айтты.

    Әлемдік желідегі Ramada қонақ үйі Алматы қаласынан кейін Шымкентте салынып отыр. Қонақ үйді инвестор жергілікті биліктің көмек-қолдауымен екі жыл ішінде көтерді.

    Барлық талаптарға сай келетін қонақ үйде 89 бөлме болса, оның бесеуі VIP нөмірлер. Сонымен қатар, мұнда SPA салоны, фитнес клуб, массаж, бильярд, 2 мейрамхана, караоке бар және түнгі клуб орналасқан.
    Айта кетйік, аталған франшизамен әлемнің 63 елінде  800 қонақ үй бар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.