Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Шымкенттің жедел жәрдем қызметі 100 арнайы көлікпен толықты
    Айғақ TV

    Шымкенттің жедел жәрдем қызметі 100 арнайы көлікпен толықты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында Шымкент қаласының жедел жәрдем қызметінің автопаркі 100 жаңа санитарлық автокөлікпен толықты, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.  Көлік кілттерін қала басшысы Ерлан Айтаханов табыстады. Денсаулық сақтау саласына мемлекет тарапынан жасаланынып  жатқан жағдайдың орасан екенін айтқан қала әкімі Қазақстанда бір мезетте мұндай көлемде жедел жәрдем көлігін беру алғаш рет Шымкентте орын алып отырғанын атап өтті.
    «Бүгінгі таңда қала тұрғындары тарапынан жедел жәрдем қызметінің уақтылы келмеуіне байланысты көптеген сын ескертпелер айтылуда. Сондықтан, бүгінгі сыйға тартылған автокөліктер осы қиындықтарды жойып, азайту мақсатында беріліп отыр. Жалпы, жедел медициналық жәрдем станциясында жедел жәрдем қызметін көрсететін 87 көлік болса, оның жартысынан көбі  бүгінгі күнде тозығы жеткен деп айтуға болады. Сол себепті, оларды рет-ретімен азайтып, орнын жаңа көліктермен алмастырып отыратын боламыз» деді Ерлан Қуанышұлы.

     

    Жедел жәрдем қызметін автокөлікпен қамту мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Мейдей Қазақстан» түрік компаниясы Шымкент жедел медициналық жәрдем станциясын жаңғырту жобасы аясында жүзеге асып отыр. Жедел жәрдем автокөлігі инновациялық технологиялар қолданылған, заманауи қондырғылармен жабдықталған. Атап айтқанда, сыртқы кардиостимулятор мүмкіндігі бар дефибриллятор, өкпені жасанды желдендіру,  реанимациялық портативті рюкзактар, 12 каналды электрокардиографтар (ЭКГ), стационарлық және портативті оттегі беру жүйесі, 4 реанимациялық бригадаларға жүрек массажына арналған автопульс, педиатриялық бригадаларға жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған 4 инкубаторлармен жабдықталған.

    Сонымен қатар, осы жоба аясында түрік жедел жәрдем қызметінің түрі бойынша колл-орталық әлемдік стандарттар бойынша жаңғыртылмақ. Сондай-ақ, жергілікті кадрларды шұғыл жағдайларда симуляциялық макеттерде жұмыс істеуге оқытудан өтіп, біліктілігін арттыру жоспарланып отыр. Түрік компаниясы тарапынан инвестицияның жалпы сомасы 6,3 миллиард теңгені құрайды.
    Бұдан басқа, аталмыш түрік инвесторларымен қаладағы индустриалды аймақта жедел жәрдем қызметін құрал-жабдықтармен қамту бойынша кәсіпорын ашу да көзделуде.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.