Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Шымкент әкімі тұрғындарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
    Айғақ TV

    Шымкент әкімі тұрғындарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкентте «16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай қала әкімінің қатысуымен Түркістан сарайында салтанатты жиын өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

    «Ел бақытын тербеткен — Тəуелсіздік» мерекелік жиынды Шымкент қаласының əкімі Ерлан Айтаханов ашып, құттықтау сөз сөйледі.

    «Тəуелсіздік күні — Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Біз бабалар аңсаған бейбіт және тәуелсіз елде өмір сүріп отырмыз. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Аталған жетістіктерге Шымкент қаласының да қосқан үлесі зор. 1993 жылы республика бойынша Шымкенттің жалпы өңірлік өнімі 29 миллиард 423 миллион теңге болса, Тəуелсіздіктің 25 жылында бұл көрсеткіш 2 триллион 174 миллиард теңгеге өсіп отыр. Қаланың өнеркəсіп орындары 4,9 миллиард теңгенің өнімін өндірсе, бүгінде бұл саладағы жетістік 95 есе өсіп, 458 миллиард теңгеден асты.

     

    1991 жылдан бері қаламызда 5,2 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Осы аталғанның бәрі — Тәуелсіздіктің сыйы. Алдымызда жауапты кезең күтіп тұр. Бір шаңырақтың астында тұрып жатқан барша халқымыздың достығы берік, бірлік мәңгі жасай берсін. Әрбір отбасыға бақыт, отанымыз — Қазақстан Республикасының игілігі жолында табыс тілеймін», — деді Ерлан Айтаханов.

    Халқымызға жылдар бойы арман болған айтулы мерекеге орай, ҚР Президентінің №207 Жарлығымен бірқатар азаматтарға орден, медальдар табысталды.

     

    «Айғақ» телерадиокомпаниясы» ЖШС бас директоры Дулат Әбіш «Парасат» орденімен, ал ардагер журналист Байдулла Қонысбек, академик М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ президенті Гүлшара Сапарбаева «Құрмет» орденін алды. Түрлі салада үздік қызмет етіп жүрген Шымкент қаласының белгілі де белсенді тұрғындары қала дамуына қосқан үлесі ерекше құрметке ие болды.

    «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымының» өнерпаздары әннен шашу шашып, салтанатты жиын көңілді ән мен жырға ұласты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.