Болатбек Әлиев — Қазақстанның үздік тауар өндірушісі атанды. Мұндай қуанышты жаңалықпен ол өзінің фейсбук парақшасында бөлісті. Әзірге Болатбек Нәжіметдинұлы негізін қалаған үш бірдей компанияның нақты қайсысы бұл марапатқа лайық деп танылғаны белгісіз. Дегенмен, жерлесімізді қуанышымен «Айғақ-Ақпарат» ұжымы шын жүректен құттықтайды.
Айта кетейік, Болатбек Әлиев алыс-жақын шетелдерге белгілі «Dala fruit.kz», «Dala construction.kz» , «Dala Trans.kz» компанияларының негізін салушы. Қазіргі таңда, «Dala fruit.kz», «Dala construction» компаниялары отандық өнімнің өрісін кеңейтіп отыр. «Dala fruit.kz» алма және шырын өндірісін жолға қойса, «Dala construction» сапалы темір бетондарымен нарықта өз орны бар.
Сондай-ақ, ірі кәсіпкер үстіміздегі жылдың 25 маусымында Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге 10 млн. теңге аударып, бұл мәселеге жанашырлық танытқан еді. Яғни, Өзі негізін қалаған «Dala fruit.kz» компаниясының 20 тонна әр түрлі өнімдерін де көмекке мұқтаждардың қажеттілігіне жеткізіп берді.
«Қазақстанның үздік тауары» байқауды 2006 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалып, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу, отандық тауар өндірушілердің қызметін белсендіру, халық арасында сапа идеясын кеңінен танытуға бағытталып отыр. Осындай жоғары дәрежедегі сыйлықты алуға жыл сайын 200-ге жуық компания үміткер атанады.