Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістанда сәулеті ерекше мешіт салынады
    Айғақ TV

    Түркістанда сәулеті ерекше мешіт салынады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіт бой көтереді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Үкімет басшысы Асқар Мамин Түркістан облысына сапары барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Өзбекстан Республикасы өкілдерінің қатысуымен Ислам орталығының іргетасын қалады. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізілмек. Мешіт алдағы 2020 жылы ашылады.


    Тәуелсіздік күні қарсаңында қолға алынған жаңа жоба жан-жақты зерделенген. Әлем елдеріндегі озық тәжірибелер де ескерілген. Мешіт іргесінің берік болуы үшін өзіндік технология әзірленді.

    Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынатын жаңа ғибрат орнында 5 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Мешіт құрылысы заман талабына сай озық үлгіде жүргізілмек. Ислам орталығының жалпы көлемі – 20 000 шаршы метр.
    «Бұл – бауырлас екі ел арасында жүзеге асырылып жатқан игілігі мол, ортақ жоба. Діни ғимарат Ұлы Жібек жолы бойы мен көне шаһарға келетін туристердің қызығушылығын арттыратын тағы бір үлкен нысаны болады.

    Жалпы, Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасының әлеуеті зор. Ынтымақтастығымыз күннен-күнге нығайып, екі ел арасын жақындастыра беретініне сенімдімін. Алланың рақымы үшін жасалған жұмыстың дүйім елге пайдасы да мол болсын. Бірегей жобаға қолдау көрсеткен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке ризашылығымды білдіремін», – деп ниеттестігін білдірді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.
    Өзбекстан Республикасының ресми өкілдерінің мәліметінше, ауқымды жобаға құрылыс пен сәулет саласының ең үздік майталмандары атсалысады.
    Мешітте мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, неке сарайы, 400 орындық медресе, кітапхана, асхана салынады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.