Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Дариға Назарбаева қайырымдылық фестиваліне қатысты
    Айғақ TV

    Дариға Назарбаева қайырымдылық фестиваліне қатысты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Сенат Төрағасы, «Дегдар» гуманитарлық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева Урюпинск балалар үйінің 90 баласы мен Оқушылар сарайының тәрбиеленушілеріне арналған «Таңғажайып әуен» фестивалі аясындағы Open space шарасына қатысты.

    «Дегдар» қоры ата-ана қамқорлығынсыз қалған және даму ерекшеліктері бар балаларды қолдау үшін «Таңғажайып әуен» фестивалін ұйымдастырған болатын.

    Шара ерекше актерлер театрының балаларға арналған қойылымымен басталды. Балалар спектакльден кейін кескіндеме, пісіру, қыш өнері және қазіргі заманғы би бойынша шеберлік сыныптарына қатысты, робототехника үйірмесіне, бейнелік және химия зертханаларында болуғы мүмкіндік алды. Аниматорлар, клоундар мен сыйқыршылар және жонглерлер жас меймандарға ойын-сауық бағдарламасын ұсынды.

    Дариға Назарбаева қамқорлықсыз қалған балалармен және дамуы ерекше балалармен жұмыс істейтін педагогтарға алғысын жеткізе отырып: «Балалардың өмірі толық әрі қызықты болуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасап отырған тәрбиешілер мен педагогтарға өте ризамын. Сіздерге алғысым шексіз!», — деді.

    Сенат Төрағасы сондай-ақ Петропавлдағы ерекше актерлер театрының тәжірибесін бүкіл елімізде пайдалану туралы шешім қабылданғанын және бүгінгі күні Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып,  театрлардың жанында инклюзивті студиялар құру жобасы әзірленіп жатқанын айтты.

    Дариға Назарбаева балаларға арнаған сөзінде келе жатқан мерекелер – Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен және Жаңа жылмен құттықтай келіп: «Сіздерге Жаңа жыл түніндегі барлық тілектеріңізді орындалуына тілектестігімді білдіргім келеді. Ол тілектетердің бәрі орындалады деп сенемін», — деді.

     «Дегдар» гуманитарлық қоры фестиваль аясында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы ауылдарда орналасқан төрт балалар үйінің мұқтажына қайырымдылық жинағын жүргізуді қолға алды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.