Жылына 5 мың тоннаға дейін дайын кеспе өнімдерінің бірнеше түрін шығарады деп жоспарланып отырған кəсіпорынның ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин арнайы келді. «Қазығұрт» индустриялдық аймағында орналасқан «GG Foods Central Asia» компаниясының өндіріс орны қазірдің өзінде жергілікті 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ал, кəсіпорын толық қуатқа көшкенде мұнда жалпы саны 300 жұмыс орны ашылатын болады.
