Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Асқар Мамин Түркістан қаласында жаңа жобаларды іске қосты
    Айғақ TV

    Асқар Мамин Түркістан қаласында жаңа жобаларды іске қосты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан қаласына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

    Атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова, Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев, Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин, Шымкент қаласының әкімі Е. Айтаханов, сондай-ақ басқа өңірлер мен қала құрылысына жауапты мердігерлер өкілдері баяндады.

    «Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Түркістан қаласының дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Биыл 4-5 қараша күндері Елбасының қатысуымен Түркістанда бірқатар салынған нысандар ашылды. Келесі жылдың күзінде мұнда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді. Осыған байланысты біз қажетті нысандардың құрылысының толық аяқталуын қамтамасыз етуіміз керек», — деді А. Мамин.

    Премьер-Министр 630 төсек-орынға шақталған көпсалалы облыстық аурухана құрылысы жүргізілетін жерге капсула салды. Жобаны 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «YDA Holding» түрік инвесторы жүзеге асыратын болады. Нысанның құны — 100  млрд теңгеге жуық, 350 дәрігерді қоса алғанда, медицина персоналы үшін 1700-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады.

    Үкімет басшысы сонымен қатар «Sembol construction» түрік компаниясы салатын, құны 39 млрд теңгеге жуық болатын «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешен құрылысын іске қосты.

    А. Мамин Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайдың және оған апаратын автомобиль жолының құрылысын, сондай-ақ амфитеатрдың, драма театрының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың,  «Ұлы дала Елі» орталығының, Қ.А. Яссауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілер Ұлттық орталығы мен келу орталығы ғимараттарының реконстркуциясын тексерді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.