Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«Қарапайым заттар экономикасы»: А. Мамин Шымкент пен Түркістан облысында тоқыма және азық-түлік өнімдері өндірісін ашты
    Айғақ TV

    «Қарапайым заттар экономикасы»: А. Мамин Шымкент пен Түркістан облысында тоқыма және азық-түлік өнімдері өндірісін ашты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған ИИД МБ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент пен Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз ету аясында өңірге жұмыс сапарымен барды.

    Шымкент қаласында Үкімет басшысы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ және «Alliance Textile» Өзбек жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының бірлескен кәсіпорны — «Alliance» Сауда-өнеркәсіп палатасы» ЖШС жіп иіру фабрикасының ашылу рәсіміне қатысты.

    Жоба биыл маусым айында ҚР және ӨР үкіметтерінің арасында бірлескен тоқыма кластерін құру туралы қол жеткізілген келісімдер аясында іске асырылды. Тараптардың күш-жігерінің арқасында қысқа уақыт ішінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, коммуналдық қызметтер тартылды, бұл көп жылдардан бері жұмысы тоқтап тұрған фабриканы іске қосуды қамтамасыз етті.

    «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің алдымызға «қарапайым заттар экономикасын» дамыту міндетін қойды, онда жеңіл өнеркәсіпке ерекше рөл беріледі. Біз оның алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз», — деді А. Мамин.

    Премьер-Министр фабриканы іске қосу Қазақстанның тоқыма кластерін дамытуға зор серпін беретініне сенім білдірді.

    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторларына шетелдік инвестицияларды тартудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Өзбекстанның тоқыма өнеркәсібін дамытудағы оң тәжірибесін ескере отырып, биыл 22 маусымда өткен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысы аясында Шымкент қаласында тоқыма кластерін бірлесіп іске қосу туралы келісімге қол қойылды», — деді А. Мамин.

    Кәсіпорында бірінші кезеңде 120 жаңа жұмыс орны құрылған. Мақта-талшықты өңдеу көлемі жылына 6 мың тоннаны құрайды. Жобаға өзбек тарапының инвестициялары шамамен 4,6 млрд теңге.

    Шымкент қаласының тоқыма кластерін қалпына келтіру жөніндегі Жол картасы аясында қосымша екі фабриканы іске қосу жоспарланған, бұл Қазақстанда өңделетін мақта көлемін 2 есеге арттыруды қамтамасыз етеді және 800 жаңа жұмыс орнын құрады.

    Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Майлыошақ ауылында А. Мамин жылдам әзірленетін тамақ өнімдерін өндіретін зауыттың ашылу рәсіміне қатысты.

    Әлемдегі аса ірі жылдам әзірленетін кеспе өндіруші — «CG Foods Central Asia» компаниясы жобаға 5,7 млрд теңге инвестиция салды және 300-ге жуық қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

    Шығарылатын өнім көлемі жылына 4,5 мың тоннадан асады. Өндіріс процесінде тек отандық шикізат пайдаланылады. Өнімді ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарықтарға да жеткізу жоспарланған.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.