Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
    Айғақ TV

    Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.12.2019Updated:04.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы Қоғамдық Кеңесі отырысының күн тәртібінде тоғыз мәселе қаралды. Алғашқысы «Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсанындағы 33/347-VI «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгеріс еңгізу туралы» Түркістан облысының мәслихаты шешімінің жобасы ұсынды. Бұл жөнінде Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Арман Абдуллаев мәлімдеді.
    Күн тәртібіндегі келесі мәселе «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің жобалары да қаралды. Кеңес мүшелерінің назарына 2019 жылғы облыс бюджетіндегі кірістер,салықтық түсімдер мен игерілген қаржы есебі ұсынылды. Жұмсалған қаржының басым бөлігі құрылыс жұмыстарына бөлінген.
    Сондай-ақ, көгілдір отын мен ауыз су мәселесі көтеріліп, жауапты мамандармен кездесіп, нақты нәтижеге қол жеткізу жоспарланды. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша 72 нысанға газ жүргізу бекітілген.Өзекті мәселе жыл соңына дейін оң шешімін табатыны айтылды. Үшінші мәселе — «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» мәслихат шешімінің жобасы талқыланды. Баяндамашы Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р. Ибрагимов мәлімдеді. Бүгінгі таңда қолданыста-108 бағыт, жаңадан 21 бағыт ашылып жатыр. Кеңес назарына субсидиялау мәселесі ұсынылды.

    Бүгінгі кеңесте қаралған маңызды мәселенің бірі — Кентау қаласының көшелері және шағын аудандарға атау мен қайта атау беру қаралды. Ұлы далаға ие болар ұлылар есімін ұлықтап, ұлттық болмысты таныту мәселесі жайын кеңес мүшелері талқыға салды. Бұл жөнінде Түркістан облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ә. Қойлыбаев мәлімдеді. Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе- ауыл- аудандарға ауыз су жүргізу. Орталықтандырылмаған таза ауыз суды жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су обьектілерінен су алу бойынша қаржы қарастыруға ұсыныс білдірілді. «Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы да бүгінгі қоғамдық кеңесте қарастырылды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының орынбасары Данияр Исабаевқа тараптардан сауалдар жолданып, ұлттық спорт түрлеріне баса назар аударып, нәтижелі жұмыс жасау тапсырылды. Күш атасы жатқан жерде қазақтың туын көтерер дарынды балуандарды баптап, бәйгеге қосу шегелеп тапсырылды.
    Қоғамдық кеңес назарына ұсынылған соңғы мәселе -ағымдағы жылдары оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру. Білім ордаларындағы мамандықтар бойынша лицензия алу, білікті кадрларды дайындау жайында сауалдар жолданып, ұсыныстар қаралды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.