Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Отырарда еліміздегі тұңғыш сапар орталығы ашылды
    Айғақ TV

    Отырарда еліміздегі тұңғыш сапар орталығы ашылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа02.12.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай еліміздегі ең алғашқы Сапар орталығы Түркістан облысының Отырар ауданында ашылды.

    ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Отырар қалажұрты маңынан салынған Сапар орталығының ашылу салтанатына Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова, композитор, шәмшітанушы, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі Қалдыбек Құрманәлі, Отырар ауданы әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов қатысып, лентасын қиды.

    Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында салынған «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі жанындағы Сапар орталығы Отырар оазисінің мәдени мұрасын еліміз бен шетелдерде насихаттау, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар, туризм саласының заманауи талаптарына сай туристік орталық жасау мақсатында жұмыс атқарады.

    Сонымен қатар Отырар қорық-музейінің базасында коммуникация, мәдени ақпарат және шығармашылық инновацияларды дамыту бағытында да қызмет атқаратын бірегей нысанға айналмақ.

    Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің функцияларын мәдени-ағарту мен имидждік орталық деңгейіне дейін кеңейтіп, тарих ғылымы, археология, реставрация, өнертану, этнографиямен ұштастыруға жағдай жасау да жоспарланған.

    Сапар орталығы музей қорына түсіп отыратын экспонаттар үшін бірінші және екінші қабаттарда экспозициялық залдарынан және музей мамандары және Отырар қалажұртында қазба жүргізетін археологтар үшін 16 орындық жатақхана ғимаратын қамтиды.

    Отырардағы шара «Отырар қалажұрты — Қазақстанда археологиялық ескерткіштерді зерттеу, сақтау және пайдалану ісінің озық үлгісі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасын тапты.
    Конференция барысында археология саласының жетістіктері, Отырар қалажұртындағы нысандардағы реставрациялық жұмыстар нәтижелері және музей қорын жасақтау, реставрациялау, сақтау мәселелері бойынша баяндамалар оқылып, мәдени инфрақұрылымды кеңейту, тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеу және насихаттау жұмыстарын жүргізу, мәдени мұраларды зерттеудің толықтай жүйесін құру мәселелері талқыланды.

    Жиынға келген қонақтар туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Арыстанбаб кесенесі мен Отырар қалажұртының сыртқы қақпа алдына жүргізілген абаттандыру жұмыстарымен танысты.

    Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, БАҚ өкілдері, облыстық және жергілікті басқару органдары, Республикалық жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарының ғалымдары, зиялы қауым, туристік агенттік өкілдері, республикалық және облыстық музей қызметкерлері ұлттық-мәдени орталықтар, орта білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.