• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

АКТРИСА АЙША АБДУЛЛИНА ӨМІРДЕН ӨТТІ

28.11.2019
0

    Бүгін Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қалың жұрт Халық әртісі Айша Абдуллинаны ақтық сапарға шығарып салады. Президенттің көңіл айту хатын Мәдениет министрі жеткізсе, Алматы мен Шымкент қаласы әкімдерінің көңіл айту хаты да оқылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі Қ.Құрманалиев Алматыдан хабарлады.

«Тарихта ізі қалған дара тұлғалармен кездесудің киелі орны – театр сахнасы» деп қазақтың айдыны Ғ.Мүсірепов айтқандай, театр әлемінде өшпестей із қалдырған сахна саңлағы, XX-шы ғасырдың басында – жаңа ғасырмен дүние есігін ашқан Айша Абдуллина анамыз өнердің майталманы.

    1916 жылы 26 желтоқсанда Алматы қаласындағы орта шаруа отбасында дүниеге келген Айша Абдуллина, анасынан жастай айырылып, нағашысының қолында тәрбиеленеді. Бала күнінен әсершіл А.Абдуллина 1933 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театры жанындағы екі жылдық актерлер даярлайтын студияға түсіп, сол жылы қараша айының 13-і күні театрға әртіс боп қабылданады. Қазақтың қаймақтары – Ж.Шанин, А.Тоқпанов, Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков, С.Қожамқұлов, Қ.Бәйсейтовалармен қатар сахнада өнер көрсеткен А.Абдулина, болашақ жанғалы тұрған өнер жұлдызы екенін танытып үлгерді. XX-шы ғасыр зұлматы – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қан майданға екі рет барып, жауған оқтың өтінде концерттік бригадамен бірге өнер көрсетіп қайтады. Қайсар мінезіне тума таланты үйлескен А.Абдуллинаға 1943 жылы «Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген әртісі» атағын береді. Отбасы жағдайымен 1947 жылы Шымкенттегі облыстық драма театрына ауысқан жылдан бастап, тоқсан жасқа келгенге дейін сахна төрінде өнер көрсетті. А.Абдуллина классикалық, тарихи, бүгінгі күн тақырыбындағы спектакльдерден сан алуан тағдырлы кейіпкерлер галлереясын жасады. «Қыз Жібектегі» — Қыз Жібек, «Қозы Көрпеш – Баян сұлудағы» — Баян Сұлу, «Ер Тарғын» — Ақжүніс, «Қарақыпшақ Қобыландыдағы» — Қарлыға, «Асауға-тұсаудағы» — Катарина – әрқайсы өз алдында бір ғылыми ізденіске тұратын кейіпкерлерді сомдаған актрисаның өмірі – қазақ театр тарихына өнеге!..

    1958 жылы «Қазақ ССР-нің халық әртісі» құрметті атағын алған Айша Абдуллина, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңесіне және екі дүркін Шымкент кеңесіне депутаттыққа сайланып, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың екі рет «Алғыс хатын» алған тарлан. Президент стипендиаты, «Парасат» орденінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атанды.

Иісі қазақтың театр туын көпке желбіреткен абыз анамыздың топырағы торқа, жаны жәннәтта болсын деп отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Халық әртісі Айша Абдуллина Алматы қаласындағы Кеңсай зиратына жерленбек.

Previous Post

Жедел жәрдем станциясы 100 жаңа көлікпен толықпақ

Next Post

Мемлекет басшысы Бішкектегі «Ата бейіт» Мемориалына барды

Related Posts

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

by Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.