Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов Президенттің көмекшісі Аида Балаевамен кездесті.
А.Балаеваны Қазақстан халқына Жолдауында, Президенттің сот жүйесін жаңғырту жөніндегі сайлауалды бағдарламасында айтылған тапсырмалардың орындалу барысы туралы хабардар етті. Ол сондай-ақ дамудың басым бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындыларымен, заңнамалық бастамалармен, азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарымен, азаматтардың өтініштері мен өтінімдерін қарау жұмыстарымен танысты.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров сот ісін жүргізуге енгізілген электрондық сервистерде азаматтардың өтініштері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Ж.Асанов, сот төрелігінің, судьялар кадрларын іріктеу мен бағалаудың, судьялардың тәуелсіздігі мен әділдігін нығайтудың негізгі қағидаларын атап өтті.
Кездесу соңында А. Балаева іске асырылып жатқан шаралармен таныстырғаны үшін алғысын білдіріп, сапалы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне назар аударды.