Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Сенатта дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері қаралды
    Айғақ TV

    Сенатта дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері қаралды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.11.2019Updated:20.11.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

    Заң жобасының мақсаты жоғары жетістіктер спортында допингті қолданғаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша дене шынықтыру және спорт саласында қолданыстағы заңнамаларын жетілдіру, сондай-ақ спортта демеушілікті құқықтық реттеу болып табылады.

    Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

    Бюджет кодексіне енгізілетін түзету Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік тапсырманы алуға және оған қатысуға құқық беруді көздейді.

    Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін адамдардың жауапкершілігін күшейту бөлігіне толықтырулар енгізіледі. Осылайша, спортшыға қатысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдаланған жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының, спорттық медицина жөніндегі маманның және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманның допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілігі белгіленеді.

    Заң жобасының маңызды жаңалығы:

    — Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне олардың қалауы ескеріле отырып, төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал Паралимпиадалық ойындардың тірек-қозғалыс аппараты бұзылған чемпиондары мен жүлдегерлеріне екінші қабаттан жоғары емес тұрғын үй-жай таңдау құқығын беру;

    — дене шынықтыру мен спорт саласында демеушілік көмек көрсету саясатын іске асыратын Бірыңғай оператор құру болып табылады. Бірыңғай оператор қызметінің негізгі мақсаты дене шынықтыру және спортты тұрақты дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.

    Сондай-ақ, Заң жобасының негізгі мақсаты сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша мүгедек спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу болып табылатын Ұлттық сурдлимпиадалық комитеттің мәртебесі мен өкілеттігін күшейтуді көздейтін жаңа «Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс» бабымен толықтырылды.

    Заң жобасын талқылау барысында сенатор Динар Нөкетаева замануи талаптарға сәйкес дене шынықтыру жөніндегі стандарттар мен әдістемелерді өзгерту қажеттігі туралы мәселе көтерілді.

    Сенатор Нариман Төреғалиев ауылдар мен аудандардағы спорттың жағдайы нашар екенін атап өтті. «Ауылдарда спортты дамыту үшін жыл сайын республикалық бюджеттен қаражат бөлу қажет. Осы мәселені шешу үшін қандай шаралар қолданылады?» — деп сұрады депутат.

    Құжат Палата қарауына берілді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.