Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН СТУДЕНТТЕРІ «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2019» ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН СТУДЕНТТЕРІ «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2019» ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.11.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Нұр-Сұлтан қаласында өткен еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру саласының әлеуетін көрсететін «WorldSkills Kazakhstan-2019» V республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті.

    Байқаудың мақсаты – жастарға кәсіптік бағдар беру, ел экономикасын дамыту барысында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, сарапшылар қауымдастығын құру және халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша өндіріс орындары саласын жоғары технологиялық мамандармен қамтамасыз ету механизмін құру.

    Техникалық және кәсіптік білімді дамытуға бағытталған байқауға қатысу үшін еліміздің барлық өңірлерінен келген 425 студент 38 түрлі мамандық бойынша жұмыс дағдылары деңгейімен сайысты. Конкурсқа қатысушыларды 500-ге жуық сарапшы-төрешілер бағалады.

    Тәуелсіздік сарайындағы «WorldSkills Kazakhstan-2019» жұмыс алаңқайларында Түркістан облысының ТжКБ ұйымдарының студент жастары 17 құзыреттілік бойынша өз ісінде «Үздік» атағын қорғап, жүлдегер атанды.

    Күнгей жастары білім мен дағды, қабілет пен білікті танытатын «WorldSkills Kazakhstan-2019» бесінші республикалық  чемпионатында өз шеберліктерін көрсетіп 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте үштікке кіріп, биыл да Республиканы мойындатты.

    Атап өтейік, Түркістан облысының әкімдігі мен кәсіптік-техникалық мамандықты игеруге бағытталған колледждер және әлеуметтік әріптестер  бірлесе отырып, білікті мамандар даярлап, облысты өнеркәсіптік хаб орталығына айналдыруды мақсат етіп отыр. Осы орайда, 65 колледждің 36-ы дуалды оқытуды іске асырып, 4333 студентті қамтып отыр. Аталған жүйе бойынша мамандар даярлайтын 4 колледжді өңірдегі ірі компанияларға сенімгерлік басқаруға беру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. 

     

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.