Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Ташкентте халықаралық конференция өтті
    Айғақ MEDIA

    Ташкентте халықаралық конференция өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.11.2019818 Views

    «Орталық Азия – біздің ортақ үйіміз». Дәл осы тақырып аясында Өзбекстан Республикасының астанасында халықаралық конференция өтті. Құдай қосқан көрші мемлекеттегі басқосуға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан тағы өзге елдерден ассамблеяның өкілдері қатысып, достық аясында баяндама жасады. Сондай-ақ, Ташкент қаласында Қазақстанда тұрып жатқан өзбек ұлты фольклорлық  кітабының тұсауы кесілді.

    Жырау бабаларымыз «ағайынның аты озғанша, көршінің тайы озсын» деп жырлаған. Осы сөздің аясында бізде Қазақстаннан Ташкент шаһарына бардық. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған конференцияға Ассамблеяға мүшелері шақыртылған. Тұрмыс-салты ұқсас, тарихы ортақ халықтар арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстың беріктігін тілге тиек етіп, достық дәріптелген ғибратты басқосу болды.

    Биыл Өзбекстанда Қазақстан жылы. Сондықтан болуы керек Орталық Азияның конференциясында біздің елден барған өкілдерге көбірек көңіл бөлініп, назар ауған секілді. Осыған байланысты одан әрі күшейтуге қатысты сұрақтар көтеріліп, ынтымақтастықта жұмыс жасау туралы сөз аз емес айтылды. Баяндаманы ең алғаш болып жасағандардың қатарында Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Қансейітұлы бар.

    Көп ұлттың мекеніне айналған Қазақстанда 600 мыңнан астам өзбек ағайындарымыз бар. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 23 қарашасында орнатылған болатын. Бүгінде екі ел арасында тауар айналымы артып, халық шекарадан оңай өтіп жүр. Конференция барысында мемлекетаралық құжаттарға қол қойылып, достық байланысты үзбеуге уәделесті.

    «Орталық Азия – біздің ортақ үйіміз». Осы тақырып аясындағы бірінші конференция түс қайта секцияға бөлініп кетті. Ал, Қазақстанда тұрып жатқан өзбек ұлты байланыстың беріктігін дәлелдейтін тағы бір жиналыста басқосты. Татулықтың тал бесігі болған рухани кездесудің негізгі мақсаты — кітаптың тұсауын кесу болатын.

    Құсқа екі қанат қандай қажет болса, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы байланыстың жақсы болғаны да сондай керек. Біріншіден халық арасы да сауда-саттық еркін жасалып, түрлі жұмыстарды атқарып жатқан жұмысшылар шекарадан оңай өтуде. Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары рухани байлық беретін кітаптың тұсауын Ташкентте кесті. Таныстырылымы өткен кітапты парақтап ашсаңыз, Елбасының Жолдауы және Қазақстанда тұрып жатқан өзбек ұлтының фольклоры жазылған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.