• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістан облысында «Алтын күз» мерекесі тойланды

15.11.2019
0

Жемісті жылдың жетістіктері паш етілген биылғы «Алтын күз» мерекесі Түркістан қаласындағы ХҚТУ-нің мəдениет орталығында өтті, деп хабарлайды «Айғақ» ақпараттық порталынің тілшісі. Мерекелік шараға ауыл шаруашылық еңбеккерлері мен шаруа қожалық төрағалары, депутаттар мен аудан қала əкімдері қатысты. Ал мерекеде сөз алған облыс əкімінің орынбасары Ұлан Тəжібаев барша аграрлық сала еңбеккерлерін жылдық қорытынды мерекемен құттықтап, салада жоғары нəтиже көрсеткен аудан-қала əкімдеріне жəне еңбек озаттарына арнайы марапаттарды табыс етті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев агроөнеркәсіп кешені алдына, алдағы 5 жылда еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын 2,5 есеге арттыру міндетін қойды. Осы орайда, 2019 жылы Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13,3 мың гектарға артып, 827 мың гектарға орналастырылды.

Ал, егістікті әртараптандыру бойынша мал азықтық дақылдар 11 мың гектарға артып 201 мың гектар, жүгері 2 мың гектарға артып 46 мың гектарға жеткен.
Сонымен бірге арпа егісінің көлемі 6 мың гектарға артып
картоп, көкөніс, бақша дақылдары 119 мың гектарға орналастырылса,
бидай 3,6 мың гектарға азайып, 186,8 мың гектар, мақта 1,5 мың гектарға қысқартылып, 131 мың гектарға егілген.


Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын атқару үшін арзандатылған бағамен 77,2 мың тонна жанар-жағар май, 96 мың тонна минералды тыңайтқыштар агроқұрылымдарға босатылды. Нәтижесінде агроқұрылымдар масақты дақылдар түсімділігін 20 центнерге жеткізіп, 462 мың тонна астық жиналған. Бастысы өткен жылмен салыстырғанда 125 мың тонна дән қамбаға артық құйылды. Көкөніс, картоп, бақшадан 3 млн тонна өнім жиналып облысымыз рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Жүгері түсімділігі де әр гектардан 2,3 центнерге артып, 47,3 центнерге қол жеткізілді. Нәтижесінде 218 мың тонна дән жиналды. Мақта түсімділігі 27 центнерге жетіп, 347 мың тонна ақ алтын жиналды. Мақта теріміне 339 комбайын жұмылдырылып, шитті мақтаның 75 пайызы жиналды. Биылғы ауа райының қолайлы болуын ескере отырып, шаруалардың еселі еңбегімен бір жарым жылдық мал азығы дайындалды, мал азығының қоры 4 млн. тоннаны құрады. Еңбек өнімділігінің артуына салаға озық технологияларды енгізудің де тиімділігі мол. Мəселен жаңбырлатып, тамшылатып суғару әдісі облыс бойынша биыл жаңадан 7 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 16,8 мың гектарға жетті. Жаңбырлатып суғару технологиясының тиімділігі ағын су шығынын 2-3 есе үнемдеп, өнімділікті 3-4 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Жылыжайлар қосымша 173 гектарға салынып, жалпы көлемі 1108 гектарды құрады. Республикадағы жылыжайлардың 80 % Түркістан облысының үлесінде. Қарқынды баулар жаңадан 673 гектарға егіліп, жалпы көлемі 3,4 мың гектарға жеткізілді. Нәтижесінде 190 мың тонна жеміс-жидек, жүзім өндіріліп, Республикадағы үлесіміз 57 пайызды құрады.


Су нысандарын тиімді пайдалану мақсатында арнайы «Бөген арнасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 5 су нысаны: «Бөген» және «Қосқорған» су қоймалары, «Түркістан», «Арыс», «Қараспан» магистралды каналдары және «Қараспан» су торабы облыстық меншікке қабылданды.
Су нысандарын тиімді пайдалану нәтижесінде 75 мың гектар суармалы алқап ағын сумен тұрақты қамтамасыз етілді.


Түркістан қаласы аумағында ағын су тапшылығын жою мақсатында құны 29,3 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру басталды. Атап айтқанда:
Сырдария өзенінен машиналық арна салу» жобасы.
«Түркістан магистралды арнасын күрделі жөндеу» жобасы.
«Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салу» жобасы.
Сондай-ақ «134 дана тік ұңғымаларды қайта қалпына келтіру» жобасы. Нәтижесінде қосымша 196 млн. текше метр ағын су жеткізіліп, ағын су тапшылығы шешілетін болады


Бұдан бөлек, 19 су шаруашылығы нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 5,2 мың гектар алқап сумен қамтамасыз етілуі жақсарды, 1150 гектар қайта айналымға қосылды, жаңадан 400 гектар суармалы жер айналымға қосылды. Мал шаруашылығы саласында да өңіріміздің үлесі басым. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, ағымдағы жылғы 10 айда ірі қара мал басы 5,4 пайызға өсіп, 1,1 млн басты құраса, бұл бағыт бойынша Республикадағы үлесіміз 3 орынға ие.
Оған қоса қой-ешкі 5 пайызға өсіп, 4,5 млн басқа жетіп, Республикада 1 орынға ие болды.Ал жылқы 9 пайызға өсіп, 332 мың басқа жетті, Республикада үлесі 3 орын.
— түйе 7 пайызға өсіп, 29,3 мың басқа жетіп, Республикада 3 орын; Есепті мерзімде
шет елден 3910 бас асыл тұқымды ірі қара мал аналығы сатып алынып, тиісті кезеңмен 1,8 есеге артты. Сыйымдылығы 8 мың басты құрайтын жаңадан 5 бірлік мал бордақылау алаңдары ашылып, мал бордақылау алаңдарының жалпы сыйымдылығы 164 мың басқа жетті. Сонымен бірге биыл жаңадан 50 бастан жоғары 8 бірлік жанұялық сүт фермалары ашылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына келсек өсімдік шаруашылығында 394 мың тонна, мал шаруашылығында 28, мың тонна өнім экспорталып, экспорт көлемі 157,3 млн.АҚШ долларын құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 20 пайызға артқан. Айталық 15,2 мың тонна ірі қара мал 3,7 мың тонна қой еті Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан елдеріне экспортталып, Республикадағы үлестің 50 пайызын құрады. Ал 394 мың тонна көкөніс, бақша өнімдері Ресей, Беларус, Латвия, Литва, Германия, Украина елдеріне экспортталды. Бұдан бөлек, балық шаруашылығын мемлекеттік қолдау нәтижесінде, 2390 тонна балық өнімдері Германия, Литва, Ресей, Өзбекстан және Чехия елдеріне экспортталды.


Алдағы кезеңде, Қытай еліне түйе сүті өнімдерін экспорттау жоспарланып, жыл соңына ауыл шаруашылығы экспорт көлемін 264 млн АҚШ долларына жеткізу күтілуде. Сонымен биылғы «Алтын күз 2019» мерекесінде ала жаздай дала төсінде еңбек етіп мол өнімге қол жеткізген еңбек озаттары мен үздік нəтиже көрсеткен аудан қала əкімдері арнайы марапаттарға ие болды.

Сонымен биыл ауыл шаруашылығының барлық көрсеткіштерін орындауда Бəйдібек ауданы көш басынан көрінсе, екінші орын Сайрам ауданы, Ал үшінші орынға Қазығұрт ауданы лайық деп танылды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.