Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Өмірзақ Шөкеев Түркияның ірі құрылыс компанияларымен меморандумға отырды
    Айғақ TV

    Өмірзақ Шөкеев Түркияның ірі құрылыс компанияларымен меморандумға отырды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.11.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Ыстамбұл қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің, Түркия Республикасының Вице-президенті Фуат Октайдың, ұлттық компаниялар, даму қорлары мен сауда палаталарының басшылары, жоғарғы билік өкілдері және екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен қазақстан-түрік бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Түркістан облысынан барған делегацияны облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бастады. Форумда еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, энергетика, машина жасау, химия, тау-кен, металлургия және тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және қаржы салаларындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланды.

    2020 және 2021 жылдар аралығында Түркістан облысында түрік инвестицияларының қатысуымен 493,7 миллион АҚШ доллары көлемінде 15 инвестициялық жобаны жүзеге асыру және 5 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Туркия мемлекетінің 41 ең ірі холдингтерінің басшылары қатысқан кездесуде хабарлады.

    «Түркия мен Түркістанды ежелгі тарихи тамырлар мен рухани көзқарастар байланыстырады. Бүгінгі таңда Түркия — Түркістан облысының, жалпы Қазақстанның маңызды, стратегиялық және сенімді серіктесі. Осыған байланысты мен Түркістанды дамытудағы қазақ-түрік ынтымақтастығының маңыздылығын атап өткім келеді. Біздің қалада халықаралық әуежай мен басқа да маңызды нысандардың құрылысына дәл түрік компаниялары қатысуда», —  деді Өмірзақ Естайұлы.

    Түркістан қаласында бауырлас мемлекеттің қолдауымен халықаралық әуежайдан бөлек өнеркәсіптік жылыжай салу және дайын металл бұйымдарын шығару мен туризм бағытындағы колледж құру сияқты ірі жобалар қолға алынған. Форум аясында Түркістан облысының әкімі түрік капиталының қатысуымен Шығыс базары, сауда орталығы мен қонақ үйлердің құрылысы, төмен вольтты кабельдер шығару бойынша 3 меморандумға қол қойды. Sembol Construction, Ta Group және KastroKablo компанияларымен қол қойылған меморандумдардың жалпы сомасы 200 миллион АҚШ долларын құрайды.

    Сондай-ақ форумда G2B форматында түрік бизнесінің 30-дан астам кәсіпкерлерінің қатысуымен іскерлік кездесулер өтті. Түрік инвесторлары Түркістан облысының туристік және өнеркәсіптік салаларына инвестиция салуға ниет білдіріп отыр. Ынтымақтастықты күшейту және әрі қарай жалғастыру мақсатында түрік компанияларының Түркістан облысына сапары күтілуде. Түрік компанияларының Қазақстандағы инвестициялық жобаларға деген қызығушылығының өсіп келе жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, 2019 жылы Қазақстанда түрік инвесторларының қатысуымен жалпы құны 2,9 млрд долларды құрайтын 18 жоба іске қосылған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.