Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Прокурордың қатысуымен өзекті мәселелер талқыланды
    Айғақ TV

    Прокурордың қатысуымен өзекті мәселелер талқыланды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.11.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров облыс өңірлеріне кезекті жұмыс сапарымен барды. Бұл жолы  облыс прокуроры Бәйдібек ауданының Бөген, Жамбыл мен Шаян ауылдық округтеріне барып, әкімдіктердің алаңдарында халықпен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

    Сондай-ақ бұл іс шараға облыстың полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары А.Сейдуалиев пен аудан әкімі қатысты.

    Кездесу әдеттегідей құқық бұзушылық пен қылмыстық істерді ашу және олардың алдын алу  мақсатында жүргізілген жұмыстар бойынша қатысушыларға арналған аудан прокуроры мен полиция бөлімі басшысының мәлімдемесінен басталды.

    Одан кейін облыс прокуроры азаматтармен жеке сұхбат өткізді. Олар жергілікті деңгейде өз шешімін таппаған мәселелерді көтерді. Қойылған сұрақтардың тақырыбы, негізінен, қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарының сапасына, қылмыстардың кейбіреулерінің жиеленгенуіне, жолдардың сапасы мен басқа да ауданның әлеуметтік мәселелеріне қатысты болды.

    Азаматтардың сұрақтарын тыңдап, облыс прокуроры аудан прокурорына арызданушылардың уәждерін тексеруді ұйымдастыру туралы бірқатар тапсырмаларды берді. Ал ауданның  лауазымды қызметкерлеріне орын алған кемшіліктерді жоюмен қатар қылмыстық тәртіпсіздіктің алдын алуға бағытталған шараларды күшейту қажеттілігі бойынша ұсыныстар айтылды.

    Іс-шара соңында облыс прокуроры ауылдың маңызды мәселелеріне тоқталып, соның ішінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасауы мен балалардың өз-өзіне қол жұмсауын ерекше атап өтті.

    Кәмелетке толмағандар қылмысты экономикалық қиындықтарға байланысты және көңіл көтеру мақсатында жасайды. Статистика органдарының мәліметтеріне сәйкес 2019 жылдың он айында Бәйдібек ауданында кәмелетке толмағандармен  жасалған үш қылмыс тіркеліп, 33% өсім көрсетті. Сонымен қатар, балалардың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша бір дерек тіркелген.

    Н.Абдиров атап өткендей, бүгінгі күні кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы мен балалардың өз- өзіне қол жұмсауы өзекті мәселелер болып табылады және олардың алдын- алу мақсатында тиісті кешенді шаралар қабылдауды қажет етеді. Жаңа деректер және талдау қорытындылары уәкілетті органдардың бұл бағытта жасалып жатқан жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей жатқандығын көрсетеді.

    Аталған мәселелерді назарға ала отырып, облыс прокуроры жауапты тұлғаларға кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы мен балалардың өз-өзіне қол жұмсауын алдын алу  мақсатында тиімді шаралар қабылдауды ұсынды.

    Қорытындылай келе облыс прокуроры ауыл тұрғындарын қадағалау органына сенім артқандары үшін алғыс білдірді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.