Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»БРИТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА МҮДДЕЛІ
    Айғақ TV

    БРИТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА МҮДДЕЛІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.10.2019Updated:28.10.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысының шетелдік инвесторлар арасында танымалдылығы артып, облыс әлеуеті жаһандық аренада жиі талқыға түсуде. FT Live Events ұйымдастыруымен Лондон қаласында өткен «Kazakhstan Global Investment Forum 2019» Қазақстан-Британ инвестициялық форумында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері және инвестициялық мүмкіндіктер ортаға салынды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Іс-шара Қазақстанның бизнес және инвестиция саласындағы кең мүмкіндіктері мен елдегі экономикалық жетістіктерге арналды. Форумға 400-ден астам делегаттар, Ұлыбританияның және басқа елдердің ауыл шаруашылығы, құрылыс және туризм саласындағы корпоративтік инвесторлары бас қосты. Түркістан облысының атынан облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған «Turkistan invest», «Turkistan» арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарының басқарушы компанияларының басшыларынан құралған делегация қатысты.

    «Road show» өңірлер мен арнайы экономикалық аймақтар панельдік сессиясында Түркістан облысы тұңғыш рет Қазақстанның жаңа аймағы ретінде шетелдік инвесторлардың назарына ұсынылып, инвестициялық және туристік әлеуетіне қызығушылық тудыруда. Жаңа жобалардың жүзеге асуы негізгі капиталға инвестиция салу ғана емес, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарының ашылуын, білім мен жаңа технологиялар трансферті арқылы аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге жол ашады. Панельдік сессия соңында Түркістан облысының делегациясы ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм және жаңартылатын энергетика саласындағы жетекші корпоративті инвесторлармен 25-тен астам «G2B» кездесулерін өткізді. Іс-шара аясында «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағына үздік еркін экономикалық аймақ құрғаны үшін «Global Free Zones of the Year 2019» сыйлығы берілді.

    Түркістан облысының делегациясы бүкіл әлем бойынша инновациялық шешімдерді ұсыну және инвестициялар тарту бойынша іскери ақпараттың танымал әлемдік көзі болып табылатын Financial Times-пен одан әрі ынтымақтастықты дамытуды және бірнеше жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта Британдық инвесторлар мен туристердің аймақпен танысу және тараптар арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайту мақсатында Түркістан облысына сапары күтілуде.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.