ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...
Іс-шара Қазақстанның бизнес және инвестиция саласындағы кең мүмкіндіктері мен елдегі экономикалық жетістіктерге арналды. Форумға 400-ден астам делегаттар, Ұлыбританияның және басқа елдердің ауыл шаруашылығы, құрылыс және туризм саласындағы корпоративтік инвесторлары бас қосты. Түркістан облысының атынан облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған «Turkistan invest», «Turkistan» арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарының басқарушы компанияларының басшыларынан құралған делегация қатысты.
«Road show» өңірлер мен арнайы экономикалық аймақтар панельдік сессиясында Түркістан облысы тұңғыш рет Қазақстанның жаңа аймағы ретінде шетелдік инвесторлардың назарына ұсынылып, инвестициялық және туристік әлеуетіне қызығушылық тудыруда. Жаңа жобалардың жүзеге асуы негізгі капиталға инвестиция салу ғана емес, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарының ашылуын, білім мен жаңа технологиялар трансферті арқылы аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге жол ашады. Панельдік сессия соңында Түркістан облысының делегациясы ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм және жаңартылатын энергетика саласындағы жетекші корпоративті инвесторлармен 25-тен астам «G2B» кездесулерін өткізді. Іс-шара аясында «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағына үздік еркін экономикалық аймақ құрғаны үшін «Global Free Zones of the Year 2019» сыйлығы берілді.
Түркістан облысының делегациясы бүкіл әлем бойынша инновациялық шешімдерді ұсыну және инвестициялар тарту бойынша іскери ақпараттың танымал әлемдік көзі болып табылатын Financial Times-пен одан әрі ынтымақтастықты дамытуды және бірнеше жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта Британдық инвесторлар мен туристердің аймақпен танысу және тараптар арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайту мақсатында Түркістан облысына сапары күтілуде.Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...
Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...
Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...
Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...
Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....
Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.