Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«Қарашық» тарихи- этнографиялық музейі ашылды
    Айғақ TV

    «Қарашық» тарихи- этнографиялық музейі ашылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.10.2019Updated:22.10.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылының 2000 жылдығына орай «Қарашық» тарихи-этнографиялық музейі ашылды.

     

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Қарашық ауылдық округі әкімдігінің бірлесуімен қолға алынған музейдің лентасын ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев пен музей ғимаратын салған демеуші Хабиббулла Азимов, Кентау қалалық «Ақсақалдар алқасының» төрағасы Мұрат Абдуллаевтар қиды.

    Салтанатты шараға Қазақстанның әр өңірінен келген тарих, археология, этнография, философия, филология, шығыстану, мәдениеттану салаларының ғалымдары мен тарихи-мәдени мұраларды қорғау мамандары, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің, ғылыми-зерттеу институттары және орталықтарының қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.

     

    Тарихи-этнографиялық музейде көне Қарашық қаласына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер мен тарихи мәліметтер қойылған. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңдерді қамтитын эскпонаттар саны 2000-ға жуық.Қарашық ауылының 2000 жылдық тарихын тереңдей зерттеп, анықтаған ғалым — Марат Тұяқбаев.

    -«1999-2003 жылдар аралығында Қарашық ауылдық округінің ауылдарын кезең-кезеңімен зерттеу  барысында көптеген тарихи деректер анықталды. Қазбадан көптеп табылған пішіні ерекше керамикалық заттардың  қолданылу кезеңі тереңдей зерттеуді қажет етті. Одан өзге де жәдігерлер тарихи дәлелдерді нақтылап берді. Халық түрлі жағдайларға байланысты Қарашық-1 жерінен Қарашық-2-ге, одан кейінгі кезеңдерде Қарашық-3 ауылына қарай қоныс аударып отырғаны да белгілі болды. Б.э.д. VI-V ғасырдан б.з.II-III ғасырларды қамтитын жәдігерлер Қарашық тарихы бертінде қалыптасқан деген пікірлерді жоққа шығарды. Музейге қойылған экспонаттар да ертеден бүгінге дейінгі аралықты қамтиды. Сонымен қатар, егіншілік пен ағаш, темір  ұсталығымен айналысқан жергілікті халықтың атадан — балаға мирас кәсібін айқындайтын заттары да музейден орын алды»,- деді т.ғ.к. археолог Марат Тұяқбаев.

    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.