Жобаның мақсаты — бос тұрған өнеркәсіп орнында түсті металлдар кендерін байыту кешенін ұйымдастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу. Жобаның көзделген мақсатына жету үшін 2016 жылдың 10 желтоқсанында Кентау қаласының әкімдігі, облыстық Кәсіпкерлер палатасы және инвестициялық компания арасында 2 170 000 000 теңге сомасына инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы үш жақты меморандумға қол қойылған болатын. Бүгінде жоба толық іске қосылып отыр.
БЮДЖЕТТІҢ 40% БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН
Қаланың қазіргі бюджеті 722 млрд теңге. Өткен жылғы шығыстың басым бөлігі, дәлірек 40 пайызы білім саласына бөлінген. Нәтижесінде шаһарда үш...