Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Жетісай ауданының өз аэропорты болады
    Айғақ TV

    Жетісай ауданының өз аэропорты болады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.09.2019Комментариев нет4 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    24 қыркүйек Жетісай ауданы әкімдігінің брифинг залында Жетісай ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы Жұмабеков Аманбаймен Жетісай ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сейдалиев Сансызбай 2019 жылдың 8 айында атқарған жұмыстарының есебін берді.


    Жер қатынастары бөлімінің басшысының айтуы бойынша қазіргі таңға дейін аудан көлеміндегі ауылдық округтер, қала, және кент бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен түрлі өтініштерін қарау мақсатында, аудандық жер комиссиясының 32 мәжілісі өткізіліп, барлығы 590 өтініштер қаралған екен.Жалпы қаралған өтініштердің 533 данасы қанағаттандырылса, 57 өтініштер заңға сәйкес кері қайтарылды дейді. Одан бөлек бөлім қызметкерлері аудандық соттың 22 отырысына (жалпы 22 отырысқа) қатысып, азаматтардың жер даулары туралы мәселелері талқыланыпты.


    «7 сыр» республикалық қоғамдық саяси газетінің редакторы Жаппар Ғаппардың
    тұрғын-үй кезегі бойынша жер учаскесіне өтініш білдіріп жатқан адамдар бар ма, болса қанша адам осы уақытқа дейін тұрғын-үй кезегі бойынша өтініш берді деген сұрағына бөлім басшысы былай деп жауап берді:
    2019 жылдың 8 айында тұрғын үй кезектілігі бойынша жер учаскесін сұрап өтініш білдірген 98 азаматтар кезекке қойылды. 2006 жылдан бастап Жетісай қаласында – 2114, Асықата кентінде – 213, Қазыбек би а/о — 63, Абай а/о – 40, Жаңа ауыл а/о –381, Қарақай а/о-400, Жылы су-8 тұлғалар кезекке қойылған.


    Ал республикалық «Уақыт» газетінің тілшісі Сатыбалды Жүнісбековтың мақсатсыз игерілмей жатқан жерлер туралы қойған сұрағына бөлім басшысы былай деп жауап берді:
    2019 жылғы 8 айдың қорытындысымен түгендеу жұмыстарымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланбай жатқан 38,57 гектар құрайтын 4 тұлғаның егістік жер учаскесі анықталған (онің ішінде суармалы 38,57 гектар), ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай жатқан 133 гектар (оның ішінде 133 гектар суармалы егістік) құрайтын 45 жер учаскесі анықталды. Сонымен қатар, көлемі 50,3 гектар кәсіпкерлік мақсатындағы 141 жер учаскесінің пайдаланылмай жатқандығы анықталғанын айтып өтті.

    Келесі кезекте Жетісай ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сейдалиев Сансызбайдың есебі тыңдалды.
    Бөлім басшысының айтуы бойынша осы уақытқа дейін бөлімге жоғары органдар мен жергілікті мекемелерден жалпы саны 500ге жуық хаттар келіп түскен, ол бойынша уақтылы жұмыстар жүргізілген дейді.
    Және аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысын және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 2019 жылдың 8 – айында 153 жер телімі бөлініп берілген. 2019 жылдың 8-айында 105 жеке тұрғын үй кабылданып жалпы ауданы 16015,8 шаршы метр бөлім тарапынан есепке алынып. Аудандық статистика басқармасына тапсырылды дейді.
    Одан бөлек қаланың келбетін өзгерту бойынша бірнеше жобалар қолған алынған, солардың бірі қала аумағын көріктендіру бойынша Жетісай ауданын абаттандыру, көгалдандыру және жайластыру бойынша аудандық сәулет бөлімі тарапынан Сырабат елді мекенінің аумағынан ауданның атауы, кіре беріс көпірді жарықтандыру, жайластыру, абаттандыру эскиздік жобасы дайындалып жергілікті бюджеттен 39,0 млн.теңге қаржы қаралып құрылыс жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланып. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы жүргізу жоспарлануда дейді.


    Сонымен қатар, Сырабат, Сұлубұлақ, Қызылтаң, Асықата кенті Байысбай ата қорымының бойына эскиздік жобалар дайындалып, темір қорғанның құрылысы жүргізілді. Жетісай қаласы бойынша: Жетісай қаласының атауы ескіруіне байланысты қайта эскиздік жоба әзірленіп жаңа атауының құрылысы аяқталғанын атап өтті.
    «Жаңа Жетісай» газетінің тілшісі Элмираның орталық саябақты ретке келтіру бойынша қойған сұрағына, бөлім басшысы төмендегіше жауап берді:
    Жетісай қаласының орталық саябағының бас жоспарын (абаттандыру, көгалдандыру, суландыру, электр жүйесін жүргізу) қайта жаңарту үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып бас жоспар әзірленді. Әзірленген бас жоспарға жоба сметалық құжаттамасына жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, конкурс жарияланып жеңімпаз мердігер тиісті жұмыстарын атқаруда. Одан бөлек Жетісай қаласы орталық саябақ ішінен бассейн құрылысын салу үшін, қала, кент, ауылдық округтерінен стадион құрылысын салу үшін әр қайсына 7,0 млн.теңге қаржы қарастырылып, жер телімі бөлініп, сәулет бөлімі тапрапынан нобайлық жобалар әзірленіп, жеңмпаз мердігер құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Сонымен қатар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі атына ауылдық округтерге ауыз су, газ, тас жол, аяқ жол және аббаттандыру жұмыстарына әзірлеу үшін бөлім тарапынан бас жоспарға сәйкес, жер телімдерінің сызба жұмыстары әзірленіп тиісті атқарушы органдармен шешім қабылданды дейді.«Жаңа Жетісай» газетінің редакторы Ақерке Бақтыбаеваның инвестиция тарту бойынша қойған сұрағына бөлім басшысы былай деп жауап берді:Жетісай ауданына инвестиция тарту мақсатында Жетісай қаласынан, Атамекен, Қазыбек би ауылдық округтерінен индустралдық аймақ құру үшін жер телімдері қарасытрылып жеке кәсіпкерлермен тиісті жұмыстар атқарылуда. Ауданнан облыс орталығы алшақтау болуына байланысты және инвестиция тарту мақсатында аудан аумағынан кіші авияция ұшып қонатын аэропорт құрылысын жүргізу үшін жер телімі белгіленіп, анықтау, зерттеу жұмыстары жүргізілуде дейді. Қосымша айта кететін тағы бір нәрсе, Жетісай қаласында орналасқан С.Қожанов көшесін абаттандыру бойынша орталық алаңнан С.Ерубаев көшесіне дейінгі аралыққа эскиздік жоба дайындалып жергілікті бюджеттен 100 млн.теңге қаржы қаралып конкур жарияланды. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы жүргізу жоспарлануда

    Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.