Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Туберкулез туралы не білесіз?
    Әлеумет

    Туберкулез туралы не білесіз?

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.09.2019Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    http://cgon.rospotrebnadzor.ru
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауруы – адамдарда болатын жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы — микробактериялар болып табылады. Бұл ауа-тамшыларымен таралатын және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамитын қауіпті ауру. Ең алдымен өкпе, кейде басқа ағзаларды да зақымдайды. Аурудың негізгі жұқтырушы көзі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайтын ауру.

    ТУБЕРКУЛЕЗ НЕЛІКТЕН ҚАУІПТІ АУРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ?

    Ем қабылдамаған әpбip науқас жылына 10 адамнан 15 адамға дейін туберкулез ауруын жұқтыруы мүмкін. Туберкулезге шалдыққандар санының жартысын 18-44 жас аралығындағы, жұмыс істеуге қабілетті адамдар кұрайды.
          ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖҰҚТЫРУ ҚАЛАЙ ЖҮРЕДІ?

    Туберкулез қоздырғыштары ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде бактериялар ауаға (ауа тамшылары арқылы) тарайды. Адамдар қоздырғышы бар ауаны жұтқан кезде бактерия жоғарғы тыныс алу жолдарына, өкпелеріне түседі. Туберкулез бактериялары кез келген ағзада дами алады, бірақ көп жағдайда өкпеде дамиды.

          АУРУДЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР:

    • иммунитеттің әлсіреуі. Толыққанды, үйлесімді тамақтанбау;

    • ауыр аурулардың қатар жүруі (ВИЧ/СПИД, қант диабеті, ойық жара аурулары және басқалары);

    • суық тигізу;

    • кез келген зиянды әдеттер – темекі шегу, ішімдік iшy, есірткі пайдалану;

    • созылмалы күйзелісті жағдайлар;

          ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ:

    • жөтелдің екі аптадан астам уақытқа созылуы;

    • дене қызуының көтерілуі;

    • кеуде қуысының ауыруы және шаншуы;

    • дене салмағының түсуі;

    • түнгі уақытта терлеу;

    • тәбеттің төмендеуі;

    • қатты шаршау және әлсіздік;

          АУРУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІН БАЙҚАҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

    • тексерілу үшін тұрғылықты және оқу орныңыз бойынша медициналық мекемеге жүгініңіз;

       Ауру уақытында анықталса, айығып кету әбден мүмкін!

       ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ ЖӘНЕ  ТЕГІН ЕМДЕЛЕДІ!

          ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ СПЕЦИФИКАЛЫҚ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ:

    • жаңа туған нәрестелер перзентханада туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасымен егіледі, егер нәрестеде медициналық қарсы көрсеткіштері бар болса, екі айға толғанға дейін вакцинацияны емдеу мекемелерінде алады. Ал, екі айдың ішінде вакцинацияны алмаған жағдайда, балаға Манту сынамасы жүргізіледі, Манту сынамасы қойылып, нәтижесі теріс болған жағдайда, БЦЖ вакцинациясы жүргізіледі. 6-7 жастағы 1 сыныпқа баратын балаларға Манту сынамасы қойылып, нәтижесі теріс болған жағдайда, БЦЖ ревакцинациясы (қайта вакцинациялау) жүргізіледі;

    • 14 жасқа дейінгі «Қауіп тобындағы» (әлеуметтік жағдайы қолайсыз отбасынан шыққан балалар, екі аптадан астам ұзақ жөтелу белгілері бар балалар, әртүрлі аурулардың себебі бойынша педиатрда ДЕ-те тұрған балалар, жабық оқу орындарының балалары, вакцинацияланбаған және вакцинациядан кейінгі тыртықтары өнбеген балалар, гормондық терапияны қабылдайтын балалар, иммунндық супрессивті терапияны алатын балалар) және туберкулез ошақтарындағы балалардың арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында Манту сынамасымен жылына 1 рет қамту;

    • міндетті түрде кем дегенде жылына 1 рет профилактикалық флюорографиялық тексерілуден өту;

       ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРМАУ ҮШІН:

    • салауатты өмір салтын ұстану: жүйелі түрде белсенді дене шынықтырумен айналысу, спортпен айналысу, жақсы демалу;

    • тиімді тамақтану: бұл ет пен сүт, балық өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектерді жетілікті мөлшерде қолдану;

    • зиянды әдеттерден аулақ болу: темекі, алкоголь, есірткіден аулақ болу;

    • жеке тазалық тәртібін сақтау: жуғыш заттар мен таза суды пайдаланып қолды, ыдыстарды жуу, жеке ыдыс қолдану, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды бүркемелеу;

    • таза ауада жиі болып, табиғат аясында демалыс жасау;

    • үй ішін мезгіл-мезгіл желдетіп, тазалап (ылғалды) отыру;

    • қақырықты кез-келген жерде түкіре салмау керек.

      Есіңізде болсын, туберкулез емделетін ауру. Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда!!!

     Шымкент қаласы

    Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

    сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.