• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Ақпан 6, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Мегаполис жастары аспан асты елінде болып қайтты

Қытай сапарынан...

03.09.2019
0

       Шымкент қаласының жастары үстіміздегі жылдың 18-25 тамыз аралығында Қытай еліне танымдық сапар жасап қайтты. Жастар жылына орай  ұйымдастырылған ауқымды сапарға сан түрлі саланың  40-тан астам жас мамандары  қатысты. Ақпараттық қолдау көрсету үшін «Айғақ» телеарнасының жас журналисі, «Шетелдегі қандастар» хабары арқылы көрерменнің көзайымына айналған Тоғжан Нарбай арнайы шақырту алды. Тоғжан — Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі, оңтүстіктен солтүстікке көш бойынша еліміздің Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында болып, арнайы танымдық бағдарлама дайындаған. 2019 жылы Алматы қаласында өткен Еуразиялық Медиа Форумның талқылау алаңынан репортаж дайындаса, ел астанасында ұйымдастырылған  «Nur Otan» Партиясының XVIІI съезінде тікелей қосылым арқылы ақпарат таратты. «Айғақ» телеарнасының арнайы жобасы «Ұлы бабалар ізімен…» циклді бағдарламасының негізінде Ресейдің Орынбор қаласында, Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд, Бұхара қалаларында, Тәжікстанның Душанбе, Ходженд, Истаравшан, Бохтар қаласы мен Гаравути елдімекеніне сапарлатып, танымдық дүниені көрермен назарына ұсынды. Ходженд — Шымкентпен бауырлас қала. Сондықтан да, екі қаланың әдеби, мәдени, экономикалық байланыстарына сараптама жасап, көрсете білді.

Сурет: «Айғақ»

Иә, Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстандағы Қытай елшілігі арасындағы келіссөз арқылы мегаполис жастарына аспан асты елін көру бақыты бұйырыпты.  Қытай халқының бас қаласы Бейжің қаласынан бастау алған танымдық экскурсия бірнеше нысандармен танысты. Соның бірі – «Арман қорабшасы».

Сурет: «Айғақ»

Бұл нысан нағыз шығармашылық орталық. Неге десеңіз, мұнда кішкентай балалармен қатар қарттар да келіп, шығармашылықпен айналысады.

Сурет: «Айғақ»
Сурет: «Айғақ»

Яғни, сурет салады, би билейді, қысқасы уақыттарын тиімді өткізеді, өздерін әрқашан дамытудан тоқтамайды. Бұл Қытай халқы үшін таңсық дүние емес. Өйткені, қайда көз салсаңыз да бос отырған жанды таппайсыз. Кем дегенде, шахмат ойнап отырады.

Сурет: «Айғақ»
Сурет: «Айғақ»

        Мұнан соң «Аспан храмымен» таныстық. Қытай мемлекеті мемлекет болып қалыптасқалы болып жатқан өзгерістерге куә болған дәл мынадай алаңдарда тарих құшағына еніп кете бересіз. Бір кездері кіруге адам баласының дәті бармайтын императорлар сарайының қақпасы дәл қазір айқара ашық.

Сурет: «Айғақ»

Мұнда келуші туристердің де Қытай халқының да саны басым. Ағаштан салынған сарайларға бір шеге қағылмаған. Шеберлікпен тұрғызылғандықтарына еріксіз таңдай қағасың. «Аспан храмында» император аспан әкесі және жер анасымен тілдесетін көрінеді.

Сурет: «Айғақ»

Ерекше атап өтетін жайт, мұнда көтерілетін баспалдақтардың бірінде тұрып, сыбырлап айтқан сөзің, храм салынған алаңның екінші жағынан анық естіледі екен. Әлі күнге дейін мұның қалай жасалынғанын ешкім таппаған. Оған тіпті бүгінгі қытайлардың өзі таңқалады.

Сурет: «Айғақ»
Сурет: «Айғақ»

      Әрине, Қытай елі жайлы сөз қозғағанда, «Ұлы Қытай Қорғанын» айтпай кету мүмкін емес.  Аспан асты елінің символы әрі көрікті орындарының бірі емес пе? Мұны әрбір шетелдік турист біледі.

Сурет: maestro-travel.ru
Сурет: maestro-travel.ru

Бұл қорған Чуньцю және Чжаньго заманында салына бастаған. Яғни, б.з.б. 475-221 ж.  Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрген екен. Олар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастаған. Тарихшылар, қорғанның салынғандығы жөнінде осындай ақпарат айтқан. Жоғарыда атап өткендей, бұл тарихи орын бүгінде Қытай Халық Республикасының символы, бренді. Қытайға келіп, «Ұлы Қытай қорғанын» көзбен көрмеу  ағаттық болар. Қорғанның жалпы ұзындығы 10000 км-ге жетеді. Тарихи нысан бүгінгі ұрпақ үшін бағалы қазына деуге саяды. Тұнған сұлулық.

Тоғжан Нарбай,

Шымкент-Бейжің-Ляньюньган-Шанхай-Сиань-Бейжің-Шымкент.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«1 БАЛЛ — 7000 ТЕҢГЕ»: АҚТӨБЕДЕ МҰҒАЛІМ ҰБТ ҰПАЙЫН САТҚАН

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Ақтөбе облысында мұғалім ҰБТ-дан жоғары нәтиже шығарып беремін деп ата-аналардан ақша алғаны анықталды. Мектептердің бірінде жұмыс істеген ұстаз әр оқушыға...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан...

31 қаңтар — ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДЕ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТЕДІ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

31 қаңтарда Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде мерзімді қызметтегі сарбаздардың ата-аналары мен жақындарына арналған «Ашық есік» күні өтеді. Іс-шара барысында...

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ҰҒЫМЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ДЕП ӨЗГЕРТІЛДІ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституция мәтінінде республикалық референдум ұғымы жалпыхалықтық референдум деп өзгертілді. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: 11 БӨЛІМ, 95 БАПТАН ТҰРАДЫ

Айғақ медиа
31.01.2026
0

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстанның жаңа Конституциясының алғашқы жобасы қаралды. Жобаны әзірлеу барысында соңғы алты ай ішінде азаматтардан,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.