Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкіміне сәйкес Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Ұлан Тәжібаев тағайындалды.
Ұлан Тәжібаев 1977 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлегі. Мамандығы – құқық және халықаралық қатынастар. Сондай-ақ, Испанияның Instituto de Empresa (IE) бизнес мектебінде тәлім алған. Еңбек жолын жеке компанияларда заңгер болып бастаған. 2004-2006 жылдары Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2006-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарса, 2007-2011 жылдары ҚР Премьер министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі болып еңбек етеді. 2012-2016 жылдары «Самрұқ-Қазына» АҚ аппаратының жетекшісі, 2016-2018 жылдары «Самрұқ-Қазына» АҚ-ның Басқарма мүшесі және коммуникация және адами әлеуетті басқару басқармасының атқарушы директоры, сондай-ақ, 2018 жылдың 9 ақпанынан бастап «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» Басқарма Төрағасы болса, 2019 жылдың сәуір айынан бастап Түркістан облыс әкімінің кеңесшісі лауызымында абыройлы қызмет атқарып келеді. «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері.
«Айғақ-Ақпарат»