Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Мәдениет және спорт министрі «Көкжайлауға» қатысты түсініктеме берді
    Айғақ TV

    Мәдениет және спорт министрі «Көкжайлауға» қатысты түсініктеме берді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.08.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

       Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Көкжайлау» тау шаңғысы курортының құрылысына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Құрметті достар, қазақстандықтардың көпшілігін алаңдатқан Алматы маңындағы «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу мәселесі басты назарда. Қоғамда пікірталас тудырған мұндай маңызды мәселе салиқалы жауапты қажет етеді. Қоғамның мүддесін қорғап, жанашырлық танытқан қаламгерлерге айтар алғысым да шексіз. Өкінішке қарай, аталған бастама бойынша журналистерге жауап беруге мүмкіндігім болмады. Осы тақырып бойынша қысқаша түсініктеме беру мүмкіндігі енді ғана туды», — деді Ақтоты Райымқұлова.

    Ол, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша курорт құрылысы тоқтатылғанын еске салды.

    «Мемлекет басшысы бұл мәселеде асығыстық танытпай, сарапшылардың талдауларын зерттеп, қала тұрғындарының пікірін ескеру қажет екенін атап көрсетті. Сол кездегі Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен «Көкжайлау» курортының құрылысы жобасын толықтыру және тоқтату қажет екенін айтқан болатын», — дейді ол.

    Министрдің айтуынша, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі кез келген үкіметтік ведомство сияқты бірінші кезекте құқықтық нормативтік актілерді зерттеп дайындаумен айналысады.

    «Көп жағдайда мәдени, спорт немесе туристік нысандарды салу туралы шешімді жергілікті атқару органдары: әкімдік, мәслихат, қоғамдық кеңес (болған жағдайда) қабылдайды. «Көкжайлау» курорты бұл аядан тысқары шығып, ол бойынша шешімді Президент қабылдады. Қазіргі сәтте Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бәрімізге белгілі. «Көкжайлау» жобасы тоқтап тұрғанын жеткізгім келеді», — деп жазды министр Ақтоты Райымқұлова facebook-те.

    Бұғанға дейін, Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Көкжайлау» жобасын іске асыруға қатысты әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа түсініктеме берген болатын.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.