Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Асқар Мамин «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары қалай іске асырылып жатқанын баяндады
    Айғақ TV

    Асқар Мамин «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары қалай іске асырылып жатқанын баяндады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.08.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

       Үкімет басшысы, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Асқар Мамин елімізде Елбасының тапсырмасы бойынша қолға алынған әлеуметтік шаралар қалай іске асырылып жатқанын баян етті.

    «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған «Nur Otan» партиясы тарихи тұрғыда қысқа мерзімнің ішінде еліміздің алдыңғы қатарлы саяси күшіне айналды. «Nur Otan» — Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырушы партия. Аса қадірлі Елбасы, сіз партияның алдына кез келген уақыт сынағына сай жедел және сапалы жауап беру міндетін қойдыңыз. Осы орайда партия әрқашанда күрделі мәселелердің оңтайлы жолын тауып, тиімді шешімдер қабылдап келеді. Біздің ортақ мақсатымыз – халқымыздың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға, елдің экономикалық әлеуетін арттыруға, қоғамның тұрақтылығын сақтауға бағытталған партия лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамалары мен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асыру. Жауапкершілігі мол бұл міндеттерді партиямен тығыз қарым-қатынаста іске асырудамыз»- деді Асқар Мамин.

    Үкімет басшысы өз сөзінде «Nur Otan» партиясының ХVІІІ съезінде Елбасы тапсырған «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларының қалай жүзеге асырылып жатқанын баян етті.

    «Сіздің тапсырмаңыз бойынша, осы жылдың 1 сәуірінен бастап АӘК көлемі артты. 1 шілдеден бастап бала кезінен мүгедек балаларды бағу үшін мемлекеттік жәрдемақының көлемі ұлғайды. 1 маусымнан жалақысы аз бюджет қызметкерлерінің айлығы 30 пайызға дейін көтерілді. Ал жергілікті атқарушы органдардағы қызметкерлердің жалақысы 25 пайызға көбейді. «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, Тұрғын үй жинақ банкі арқылы аз қамтылған отбасыларға жеңілдетілген несиелеу жүйесі іске қосылды. Бұл механизм осы жылдың шілдесінде бастап іске қосылды, алдағы үш жылда бұл бағытта 50 млрд теңгеден бөлінеді«, — деді Асқар Мамин.

    Айта кетсек, елордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.