Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Алға ілгерілеу үшін жетекші саяси күштің, қоғамның бірлігі қажет – Елбасы
    Айғақ TV

    Алға ілгерілеу үшін жетекші саяси күштің, қоғамның бірлігі қажет – Елбасы

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.08.2019Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Алға ілгерілеу үшін жетекші саяси күштің, қоғамның бірлігі қажет. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Бүгін біз ел дамуының негізгі бағыттары бойынша біраз мәселе туралы айтатын боламыз. Партия мүшелерінің қатысуымен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысына жиналып отырмыз. Үкімет мүшелері, партияның Мәжілістегі фракциясы, облыстардағы филиалдардың жетекшілері қатысып отыр. Биыл партиямыз үшін, еліміз үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын білеміз. Екі съезд өткіздік, партиямыздың 20 жылдығын атап өттік. Маусым айында Президент сайлауында біздің кандидатымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеңіске жетті», — деді отырысты ашқан Елбасы.

    ҚР Тұңғыш Президентінің атап өтуінше, халық Тәуелсіздік жылдарында еліміздің билік партиясы атқарған жұмыстардың барлығын көріп отыр.

    «Дегенмен, өмір бір орнында тұрмайды. Бәрі өзгеріске ұшырап жатыр. Бүкіл әлемде де саяси партиялар бүгінгі күні жаңа міндеттермен бетпе-бет келуде. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұрақсыздық кезеңінде алға ілгерілеу үшін жетекші саяси күштің ішіндегі, сонымен қатар қоғамдағы бірлік қажет. Онсыз үлкен міндеттерді орындау мүмкін емес. Жаңа саяси жағдайда партияның рөлі айтарлықтай өсе түседі», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Осыдан кейін Елбасы отырыста «Nur Otan» партиясы алдындағы тұрған міндеттерді сөз етіп, мұнан арғы шараларды талқылауды ұсынды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.