Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»2019 жылдың басынан бері 55 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді — Р. Скляр
    Айғақ TV

    2019 жылдың басынан бері 55 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді — Р. Скляр

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.08.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

       ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар–шілде айларындағы өнеркәсіп салаларын дамыту туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    ҚР ИИДМ мәліметтері бойынша, жыл басынан бері өнеркәсіп өндірісі көлемі 102,7%-ды құрады, оның ішінде тау-кен өнеркәсібі 102,4%, өңдеу өнеркәсібі 103,2% құрады.

    Тау-кен руда секторында түсті металдарды өндіру 17,2%-ке ұлғайды, Биыл наурыздан бастап темір кенін өндіру көлемі 92,8%-дан 101,5%-ға дейін өсті.

    Р. Склярдің айтуынша, көмір мен лигнит (көмір концентратын есепке алмағанда) өндірудің өсуі 97,3% құрады. Бүгінде көмір экспорты бойынша оң динамика байқалады, 2018 жылмен салыстырғанда өсуі 101,9% немесе 15,8 млн.тонна құрады.

    «Өңдеу өнеркәсібінде өсу 3,2% құрады. Түсті металлургияда өндіріс көлемі 8,1%-ға өсті», — деді Р. Скляр.

    Биыл жыл басынан бері қара металлургия саласында өндіріс көлемінің өсуі байқалады. Жеті айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 94% құрады

    Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі атап өткендей, машина жасау саласында өндіріс көлемі  17,7%-ға өсті, бұл автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 50,6%-ға, басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар 14,5%-ға артуы есебінен мүмкін болды.

    Фармацевтика саласында өндіріс көлемі 18%-ға өсті, бұл өнімнің «Химфарм» зауытында 50%-ға, «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ-ында 13,8%-ға артуы есебінен мүмкін болды.

    Жеңіл өнеркәсіпте тоқыма бұйымдары өндірісінің  18,3%-ке, киім өндірісінің 5,4%-ке өсуі есебінен жалпы өндіріс 14,3%-ке өсті.

    Қазіргі уақытта «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша бірқатар нормативтік актілер мен жүйелік шаралар қабылдануда.

    Көлік кешені бойынша 2019 жылдың қаңтар-шілдеде нақты көлем индексі 105,4%-ті құрады. Қазақстан арқылы контейнер тасымалдаудың жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 38,4%-ға өсті және 351,6 мың ЖФБ құрады.

    «Тұрғын үй құрылысында 7 айдың қорытындысы бойынша 6,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Республика бойынша барлығы 55 849 баспана пайдалануға берілді (оның ішінде 24 013 жеке тұрғын үй бар). Тұрғын үй тапсыру көлемінің артуы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 7 өңірінде жалғасуда. Жылдық жоспарға қол жеткізу үшін осы өңірлерде жұмысты жандандыру қажет», — деді Р. Скляр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.