Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Асқар Мамин Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары мен Түркістан қаласындағы құрылыс қарқынын тексерді
    Айғақ TV

    Асқар Мамин Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары мен Түркістан қаласындағы құрылыс қарқынын тексерді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.07.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді.

    Қазір Арыс қаласында 1544  жекеменшік тұрғын үйде құрылыс жұмыстары аяқталған, 7089 жеке тұрғын үйде және 96 көпқабатты үйде қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындардың 4683 үйлерінде жұмыстар жүргізілуде.

    Құрылыс жұмыстары 126 жекеменшік үйде және 1 көпқабатты үйде жүргізілуде. 66 әлеуметтік нысаннан 62-сінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, жаңа құрылыс 4 нысанда жүріп жатыр.

    Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстарына 207 компания, 7073 жұмыскер, 265 арнайы техника тартылған.

    ҚР Үкіметінің басшысы Арыс қаласының тұрғындарымен кездесу кезінде қаланы қалпына келтіру бойынша жұмыстарға барлық өңірлер, ұлттық компаниялар, еліміздің ірі бизнес өкілдері белсене қатысып жатқанын атап өтті.

    ҚР Премьер-Министрі зардап шеккен бизнес нысандарын, көлік және инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын төмендетпеуді,  сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру нысандарын дайындау бойынша кешенді шаралар қабылдау тапсырды.

    Түркістан қаласына жұмыс сапары барысында Асқар Мамин салынып жатқан тарихи-мәдени орталық аумағында ҚР Премьер-Министрі «Ұлы дала Елі» орталығын, Қ. А. Яссауи музейін салу бойынша жұмыстардың барысымен.  Сонымен қатар Асқар Мамин Ұлы Жібек жолының қолөнершілерінің Ұлттық орталығы ғимаратын, келу орталығын реконструкциялау, Шығыс моншасының, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың салыну барысын көрді.

    ҚР Премьер-Министрі әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи мақсатта салынып жатқан нысандарды көрді, жергілікті стадион, оқушылар сарайы, әкімдік, Халыққа қызмет көрсету орталығы, медиа орталық, конгресс-холл ғимараты, «Нұр-Сұлтан» алаңы, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, музыка мектебі, бассейні бар оқушылар сарайы, аттракциондары бар қалалық саябақ, неке сарайы, Қазақ драма театры ғимараты, музыкалық фонтан мен амфитеатр салынып жатқан құрылыс алаңдарында болды.

    Асқар Мамин Түркістан қаласында Тұңғыш Президенті паркінің абаттандырылу, облыс орталығының орталық бөлігінің реконструкциялану және Арбаттың салыну барысын көрді, сондай-ақ Түркістандағы Ескі археологиялық паркінің жобасымен танысты.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.