Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Асқар Мамин Тәжікстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бойынша келіссөздер жүргізді
    Айғақ TV

    Асқар Мамин Тәжікстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру бойынша келіссөздер жүргізді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.07.2019Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстан Республикасына барды.

    Душанбеде Қазақстан Премьер-Министрі Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

    «Қазақстанда Сіздің құрметті қонақ ретінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысқа қатысқаныңызды жылылықпен еске алады, — деді Асқар Мамин. — Қазақстан Тәжікстанмен өзара тиімді көпжоспарлы серіктестікті кеңейтуге мүдделі».

    Сонымен қатар ТР Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен үкіметаралық келіссөздер өтті. Келісөздер барысында қазақстандық-тәжікстандық ынтымақтастықты тереңдеу келешегі қаралды. 2018 жылы елдердің екіжақты сауда көлемі 8,2%-ға артты, сауда айналымы $900 млн құрады. Сонымен қатар, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы автомобиль көлігімен экспорттық-импорттық тасымалдау көлемі 2,9 есе өсіп, 16,9 млн тоннаны құрады.

    Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзода Қазақстанның тауар айналымы бойынша Тәжікстанның екінші серіктесі болып отырғанын айтты. Сонымен қоса, Қазақстанның Тәжікстанның басты сауда серіктесіне айналуы бойынша зор перспективалар бар. Осы мақсатта Қазақстан және Тәжікстан Үкіметтері алдағы 3-4 жылда өзара сауда көлемін $2 млрд-қа дейін арттыру үшін жұмыстар жүргізуде.

    Тараптар қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемін арттыру және номенклатурасын кеңейту бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыру ниетін растады. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік және коммуникациялар салаларындағы инвестициялық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге көңіл бөлінді.

    «Біз біздің инвестициялық ынтымақтастығымызды бірлескен инвестициялық жобаларды жасау арқылы арттыруға әзірміз», — деді Асқар Мамин.

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Тәжікстанға ресми сапары аясында жалпы сомасы $80 млн-нан асатын, қазақстандық-тәжік ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған 11 құжатқа қол қойылды:

    $35 млн-ға Еуразиялық Даму Банкі, «Рохи Охани Точикистон» МУК және «ЭСК «KazakhExport» АҚ арасындағы  ынтымақтастық туралы келісімге;

    $20,7 млн-ға «Агромашхолдинг» АҚ, «Таджиксельхозлизинг» РМУК және «ЭСК «KazakhExport» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге;

    $16 млн-ға «Дусти 2017» ЖШҚ және «ЭСК «KazakhExport» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге;

    $6 млн-ға «Азық-түлік келісім корпорациясы» ҰК» АҚ және Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің арасындағы қазақстандық бидайды жеткізуге шекті келісімге;

    $1,5 млн-ға «Hyindai Trans Avto Kazakhstan» және «Холдинг Азия Групп Таджикистан» ЖАҚ арасындағы эвакуаторлар, туристік автобустар жеткізуге келісімге;

    $1 млн-ға «PALLANT TRADE» ЖШС және «Таджеро» ЖШҚ дистрибьюторлық компаниясы арасындағы консервіленген өнімді жеткізу туралы келісімшартқа;

    $655-ға «СарыаркаАвтоПром» ЖШС мен «Холдинг Азия Групп Таджикистан» ЖАҚ арасындағы Jac маркалы 50 машинаны жеткізу туралы келісімшартқа;

    «Азық-түлік келісім корпорациясы» ҰК» АҚ және Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің арасындағы  ынтымақтастық туралы келісімге;

    «Ситабр Агро» ЖШҚ және «Continental Agro Trade» ЖШС арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерімен сауда саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық  туралы меморандумға;

    «Метал Инвест» ЖШҚ және «Continental Agro Trade» ЖШС арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерімен сауда саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық  туралы меморандумға;

    «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Рохи охани Точикистон» МУК арасындағы келіссөздер хаттамасы.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.